Маңызды! Бұл нұсқаулық BilimClass-пен 2-тоқсаннан бастап жұмыс істей бастаған мектептер үшін 1-тоқсанның деректерін толтыру бойынша қадамдық нұсқаулықты қамтиды. 1-тоқсанның деректерін дұрыс толтыру үшін төмендегі қадамдарды қатаң сақтаңыз:
1. Мұғалімдерді импорттау (Әкімші)
Мұғалімдерді осы қадамдық нұсқаулық бойынша импорттаңыз.
Маңызды! Excel файлыңыз берілген шаблонға дәл сәйкес толтырылғанына көз жеткізіңіз. Сәйкес келмесе, мұғалімдер импортталмайды.
2. Сыныптарды құру (Әкімші)
Сыныптарды осы қадамдық нұсқаулық бойынша құрыңыз.
3. Оқушыларды импорттау (Әкімші)
Оқушыларды осы қадамдық нұсқаулық бойынша импорттаңыз.
Маңызды! Excel файлыңыз берілген шаблонға дәл сәйкес толтырылғанына көз жеткізіңіз. Сәйкес келмесе, мұғалімдер импортталмайды.
4. Сыныпты топтарға бөлу (Әкімші немесе сынып жетекшісі)
Сыныпты осы нұсқаулық бойынша топтарға бөліңіз (егер бар болса).
5. Оқу бағдарламаларын құру (Әкімші)
1. Құрылған сыныптарға қажетті пәндерді осы нұсқаулық бойынша қосыңыз.
2. Бір сыныпқа пәндерді қосқаннан кейін, осы нұсқаулық арқылы пәндерді сол параллельдің басқа сыныптарына көшіріңіз (егер бар болса).
3. Егер сізде жеке оқу бағдарламалары бар болса, оларды осы нұсқаулықты пайдаланып құрыңыз.
6. Сабақ кестесін құру (Әкімші) және сабақ түрін КТП-да өзгерту (Мұғалім)
Тоқсандық пәндер үшін
Осы нұсқаулық арқылы сабақ кестесіне кез келген күнге бір сабақ қосыңыз.
Маңызды! Тоқсандық пәндер үшін кестеге тек бір қарапайым сабақ қою жеткілікті.
Жартыжылдық пәндер үшін
1. Сабақ кестесіне сіздің БЖБ санына сәйкес сабақтар қосыңыз, жоғарыдағы нұсқаулықты орындаңыз.
2. Осы нұсқаулық арқылы мұғалім пәннің КТЖ-сында сабақтардың түрін БЖБ дегенге өзгертуі керек.
7. Аттестациялық кезеңнің басталуы (Әкімші)
1. Нұсқаулықтың алдыңғы қадамдарына сәйкес барлық қажетті деректерді қосқаныңызды тексеріңіз.
2. Біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз және барлық журналдарға 1-тоқсанды қосу жайлы сауал қалдырыңыз. Сіз 1-тоқсанның пәндерін 2-тоқсан кезінде қосқаныңыз үшін, осы пәндердің журналдарында 1-тоқсан болмайды және мұғалімдер баға қоя алмайды.
3. Қолдау қызметінен 1-тоқсанды қосылуы туралы хабарлама алғаннан кейін, бірнеше журналды ашып, 1 тоқсан бар екенін тексеріңіз.
4. Осы нұсқаулық арқылы аттестациялық кезеңді бастаңыз.
Тек аттестациялық кезеңді бастағаннан кейін мұғалімдер журналдарды жаба алады.
8. Сабақ өткізу, қорытынды бағаларды қою және журналды жабу (Мұғалім)
Сабақ өткізу
1. “BilimClass” модулі арқылы сынып журналына өтіңіз
2. 1-тоқсанды сүзгіден таңдаңыз және кестеге қосылған барлық сабақтарды өткізіңіз, тоқсандық және жартыжылдық пәндер үшін де.
Тоқсандық пәндер үшін
Барлық қорытынды бағаларды қойып, журналды осы нұсқаулық бойынша жабыңыз.
Ескерту! Жүйе ұсынылған баға мен қорытынды бағаның сәйкес келмейтінін көрсетуі мүмкін. Бұған мән бермей, қорытынды бағаны қойыңыз. Бұл қате болып саналмайды.
Маңызды! Мұғалімдер үшін "Пәндердің қорытылуы" бөлімі "Мониторинг" модулінде қолжетімді. Барлық журналдардың жабылғанына көз жеткізу үшін осы бөлімде бірінші және екінші кезеңдердегі барлық журналдарыңыздың мәртебесін тексеріңіз.
Жартыжылдық пәндер үшін
Барлық БЖБ бойынша бағаларды қойыңыз.
Ескерту! Жартыжылдық пәндер үшін тек БЖБ бойынша бағаларды қою қажет. Қорытынды бағаларды қоюдың қажеті жоқ (олар әлі болмағандықтан), журналды жаппайсыз.
9. Журналдардың жабылуын тексеру
Мектеп әкімшісі барлық журналдардың жабылғанын тексеріп, аттестаттау кезеңін осы нұсқаулық бойынша аяқтауы керек.
Ескерту! Жүйе аттестаттау кезеңі аяқталғаннан кейін де ашық журналдарды жабуға мүмкіндік береді, бірақ журналдарды қайта ашу толығымен бұғатталады.