Оқушыларды импорттау функциясы арқылы оқушылардың тізімін жүйеге Excel файлы арқылы тез енгізуге болады. Импорттау үдерісін дұрыс орындау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Бөлімге өту және шаблонды жүктеу
1. Сол жақ басқару тақтасынан Мектепті басқару → Алфавиттік кітап бөлімін таңдаңыз.
2. Excel-ден импорттау батырмасын басыңыз.
3. Ашылған терезеде Excel-ді жүктеу батырмасын басып, шаблонды жүктеп алыңыз.
4. Жүктелген шаблонды ашып, толтыруды бастаңыз.
Excel шаблонын толтыру
Оқушылар нөмірі – оқушыларыңыздың санына сәйкес толтырыңыз.
ЖСН – ЖСН 12 таңбадан тұратынын және дұрыс енгізілгенін тексеріңіз.
Тегі және аты – жүйе бұл деректерді база деректерімен салыстырады. Егер сәйкессіздік анықталса, оқушы импортталмайды.
Тегі мен атын ресми құжаттарға сәйкес дәл толтырыңыз.
Әкесінің аты – толтыруға міндетті емессіз.
Оқу тілі – тілді толық атауымен көрсетіңіз (мысалы, "Қазақша", "Орысша", “Тәжікше”, “Өзбекше”). Қысқартуларды қолданбаңыз (мысалы, "қаз", "қ", "ру", "рус").
Сынып – параллель мен әріпті бос орынсыз, сызықшасыз, үтірсіз жазыңыз (мысалы, "5А", "11Б").
Литераны бас әріппен көрсетіңіз.
Ескерту! Егер шаблонда көрсетілген сынып жүйеде жоқ болса, импорттау кезінде ол сынып автоматты түрде құрылады. Ал егер сынып бар болса, оқушылар көрсетілген сыныпқа импортталады.
Толтырылған файлды импорттау
1. Алфавиттік кітап бөліміне оралып Excel-ден импорттау батырмасын басыңыз
2. Оқушыларды мектепке қабылдау күнін таңдаңыз.
Ескерту! Оқушыны мектепке қабылдау күні журналға әсер етеді. Сол күнге дейін журналда баға қою мүмкіндігі қолжетімсіз болады. Жүйеде қабылдау күнін өткен күнмен де көрсетуге болады, қабылдау күні ретінде таңдаған күніңіз бекітіледі.
3. Толтырылған файлды жүктеңіз.
4. Импорттау батырмасын басыңыз.
5. Жүктеу сәтті аяқталғаны туралы хабарламаны күтіңіз.
6. Импорттаудан кейін жүйенің сіздің сұранысыңызды өңдеуді аяқтауы үшін 4-5 минут күтіп, "Импорт тарихы" бөліміндегі Деректерді жаңарту батырмасын басу ұсынылады.
Импорт тарихымен жұмыс
Импорт тарихы бөлімі – бұл оқушылардың импорты кезінде жүйеге жүктелмеген деректермен жұмыс істеуге арналған көмекші құрал.
Бұл бөлімде түрлі себептермен жүйеге импортталмаған оқушылардың тізімі көрсетіледі. Әр жазбаға импорттау күні мен қателіктердің себептері туралы ақпарат қоса беріледі, мысалы:
Оқушының тегі немесе аты сәйкес келмеуі.
Қате ЖСН енгізу.
Оқыту тілі дұрыс көрсетілмеуі.
Сынып туралы мәліметті қате толтыру.
Бұл бөлім қателерді жылдам анықтауға, түзетуге және деректерді қайта жүктеуге көмектеседі, барлық деректерді қолмен енгізу қажеттілігін болдырмайды.
Ескерту! Барлық қателерді түзетіп, оқушыларды қайтадан сәтті импорттағаннан кейін, “Импорт тарихы” бөліміндегі жазбалар қалады. Бұл қате болып саналмайды, өйткені бөлім бұрын орындалған импорттардың тарихын сіздің ыңғайлылығыңыз үшін сақтайды.
Қателерді түзету
1. Оқушылар тізімін жүктеу батырмасын басыңыз.
Жүктелген файлда импортталмаған оқушылардың қате себептері көрсетіледі.
2. Қателерді түзеткеннен кейін файлды қайтадан жоғарыда көрсетілген нұсқаулық бойынша жүктеңіз.
Ескерту! Егер импортталмаған оқушылар саны аз болса, оларды Алфавиттік кітап арқылы да қолмен қоса аласыз.
3. Мектепті басқару → Оқушылар мен сыныптар бөліміне өтіңіз.
4. Қажетті сыныптардың құрылғанына және оқушылардың қосылғанына көз жеткізіңіз.