KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

КТЖ-мен жұмыс

Соңғы өзгерістер: 03.09.2026

Керекті КТЖ-ны қалай табамыз?

1. Сол жақ мәзір → Мұғалімге → КТЖ

3e210dcb2361ff2d239c47a95d3e4525.png

2. Қажетті параллель, оқу тілін мен пәнді таңдаңыз → әрекет бағанындағы белгішені басыңыз

2ec8c056781195c4a66b8d3b3a041d8c.png

Аяқталған пәндерді көрсету

Параллельдер мен пәңдердің сүзгілерінің жанында "Толық көрсету" батырмасын көресіз.

Егер құсбелгі қосылған болса, тізімде белсенді және аяқталған пәндер көрсетіледі.

Пән келесі жағдайларда аяқталған болып саналады:

  1. Пәннің барлық тоқсандық журналдары жабылуы керек.
  2. Жылдық бағалар қойылуы тиіс.
  3. Жылдық журнал жабылған болуы қажет. 

Егер құсбелгі қосылмаған болса, тек белсенді пәндер көрсетіледі.

3. Тоқсан бойынша сүзу жазаймыз

5eb4daa01f8d402566cbeda87a120ac9.png

КТЖ ашылғаннан кейін келесіні таңдау қажет:

  • Кезең (тоқсан)
  • Мұғалім

⚠️ Егер сыныпта бір пәнді бірнеше мұғалім жүргізсе, «Мұғалім» өрісінен өзіңізді таңдауыңыз қажет.

Сүзгілерді таңдағаннан кейін сізге керекті сыныптың таңдалған тоқсандағы КТЖ-сы ашылады.

Ескерту! Әкімші сыныптың кестесінде сізге сабақ тағайындаған жағдайда, сіздің КТЖ-да автоматты түрде сол сынып пен пән шығады.

КТЖ-ны толтыру

Сабаққа тақырып қосамыз

Қажетті күн жолында Тақырыпқа арналған терезе бар. Онда сабақтың тақырыбын жазыңыз.

72749de2a3d5dd72d7ec3cfff290f5a2.png

Егер сіз 1 сабақта бірнеше тақырып өтетін болсаңыз:

1. Тақырып санын жазыңыз

2. Тақырып терезесінде тақырыптарды кезекпен жазамыз

c77dc5f777bfe08715587cd87f5e5a17.png

Сабақ түрін таңдаймыз

Ашылмалы терезеде сізге сәйкес келетін сабақ түрін таңдаңыз:

  • Қарапайым сабақ
  • БЖБ
  • ТЖБ
9cd7eb2f73fc437b49ca40241f9d32f4.png

Жүйеде бастауыш (2-4) сыныптар үшін таңдалатын сабақ түрлері: 

  • Қарапайым сабақ
  • Аралық бағалау
55da5d116ea97d681e38e37dc3a4c3f2.png


БЖБ/ТЖБ үшін максималды ұпайды енгізу

1. БЖБ/ТЖБ сабақ түрін таңдаймыз

2. Максималды ұпайды енгіземіз → Ақпарат сақталу үшін, осы беттің кез-келген бос жеріне басамыз

4d8a9f91f9039ad21992b6c514db5ff9.png
Бастауыш (2-4) сыныптарда сабақ түрі Аралық бағалау болған кезде, максималды ұпайды өзгерте алмайсыз. 

Үлгілік оқу жоспарында белгіленген көлем мен сан ескеріледі.

Белгіленген максималды балл: 

  • 2 сыныптар үшін - 12;
  • 3 сыныптар үшін - 14;
  • 4 сыныптар үшін - 16

7ac83b1dc2833b38d5bc002cef5923a4.png


Сондай-ақ КТЖ бөлімінде қосымша функциялар қолжетімді:

Тақырыптарды тақырыптық жоспарлауға сақтау— ағымдағы күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды болашақта пайдалану үшін тақырыптық жоспар ретінде сақтауға мүмкіндік береді.

Тақырыптық жоспарлаудан тақырыптарды жүктеу — бұрын жасалған тақырыптық жоспарды жүктеп, КТЖ-ны автоматты түрде толтыруға мүмкіндік береді.

Бұл батырмалар КТЖ бетінің  төменгі бөлігінде орналасқан.

3c690909300d9d1dfe5c87a98d17bc9e.png

Кесте өрістерін басқару

КТЖ кестесінің үстінде «Кесте өрістерін басқару» бөлімі орналасқан.

Баптаулар белгішесін басыңыз.

34a9d7d317238f549f8f694c9d5eafb4.png

Мұнда кестедегі кейбір бағандардың көрсетілуін қосуға немесе жасыруға болады:

  • Мұғалімді көрсету
  • Топты көрсету
  • Үй жұмысын көрсету
  • Интерактивті сабақты көрсету

Егер белгісін алып тастасаңыз, сәйкес баған кестеде көрсетілмейді.

d7e04307201913416ac7a5355ede27a5.png

Мақала сізге көмек болды ма?