Жеке оқыту бағдарламарын қайдан іздейміз? Жеке оқыту бағдарламасын жаңадан қалай құрамыз?
Ескерту! Жеке оқыту бағдарламаларын тек әкімшілер құра алады.
1. Сол жақ мәзір → Оқушылар және сыныптар

2. Ашылған беттің оң жақ бұрышындағы Оқу бағдарламасы жазуының үстінен басамыз

3. Сізде жеке оқыту бағдарламасы бойынша оқитын бүкіл мектеп оқушыларының тізімі бар бет ашылды. Параллель бойынша сүзу жасап, жеке оқыту бағдарламасы бар қажетті оқушыны таба аласыз.
Оқушыны қосу үшін Қосу батырмасын басамыз.

4. Ашылған 6 терезені толтырып, Қосу батырмасын басамыз

5. Құттықтаймыз! Оқушы жеке оқыту бағдарламалары тізіміне қосылды.
Жеке оқыту бағдарламаларын қалай түзетеміз?
1. Тізімнен керекті оқушыны таңдаймыз → Толығырақ бағанындағы белгішені басамыз

2. Сізде оқушының жеке ісі ашылды, оның жоғарғы жағында Оқу бағдарламасын түзету батырмасы бар, соны басыңыз

3. Ашылған терезеде түзетулерді енгіземіз → Өзгерту

Оқу бағдарламасын қалай аяқтаймыз?
1. Тізімнен оқу бағдарламасын аяқтағымыз келетін оқушыны таңдаймыз → Толығырақ бағанындағы белгішені басамыз

Ескерту! Жеке оқу бағдарламасын аяқтау үшін оның кестесінде жоспарланған сабақтардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Егер жеке оқу бағдарламасының кестесінде жоспарланған сабақтар қалса, жүйе келесі хабарламаны көрсетеді:
"Жеке оқу бағдарламасын жою мүмкін емес, себебі оның кестесінде жоспарланған сабақтар бар. Алдымен болашақ сабақтарды өшіріп, содан кейін бағдарламаны қайтадан аяқтап көріңіз."
Жеке оқу бағдарламасын сәтті аяқтау үшін көрсетілген қадамдарды орындаңыз:
Жеке оқу бағдарламасының кестесіне өтіңіз.
Егер болашақ сабақтар болса, оларды жойыңыз.
Барлық сабақтарды жойғаннан кейін бағдарламаны қайтадан өшіруге тырысыңыз.
2. Ашылған бетте Оқу бағдарламасын аяқтау батырмасын басамыз

3. 4 жолды толтырамыз → Жіберу

Архив
Сіз архивтен осыған дейін мектебіңізде болған және аяқталған жеке оқыту бағдарламаларының тізімін көре аласыз.
1. Сол жақ мәзір → Оқушылар және сыныптар → Оқу бағдарламасы

2. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы Архив батырмасын басамыз

3. Сізде жеке оқыту бағдарламаларының архиві ашылды.
Жеке оқыту бағдарламаларының кестесін қалай табамыз?
1. Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Сыныптардың кестесі

2. Параллель бойынша сүзу

3. Оқу бағдарламасы бағанынан керекті жеке оқыту бағдарламасын іздейміз → Толығырақ

Жеке оқыту бағдарламаларының журналын қалай табамыз?
1. Сол жақ мәзір → BilimClass → Журнал

2. Параллель бойынша сүзу

3. Оқу бағдарламасы бағанынан керекті сыныпты іздейміз → Толығырақ
