KAZ
  • KAZ
  • RUS

Пәндерді басқа сыныптарға көшіру

Соңғы өзгерістер: 31.05.2024

Пәндерді басқа сыныптарға көшіру - бұл оқушылардың ағымдағы оқу жылында оқу бағдарламаларында өтетін пәндерді тезірек толтыруға көмектесетін мүмкіндік.


Пәндерді басқа сыныптарға қалай көшіреміз?

1.  Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Оқу бағдарламалары

2. Параллель бойынша сүзу жасаймыз. Тізімде қажетті сыныпты таңдап (пәндерді көшіргіміз келетін сынып), Іс-әрекет бағанындағы көрсеткіні басыңыз.

3. Сізде таңдалған сыныптың пәндерінің тізімі ашылды. Енді Пәндерді көшіру батырмасын басыңыз.

4. Ашылған терезеде пәндерді көшіргіңіз келетін сыныпты таңдаңыз. Сосын Жіберу батырмасын басыңыз.

5. Сіз пәндерді сәтті көшірдіңіз! Сізде көшірілген және көшірілмеген пәндерді тізімдейтін хабарлама шығады.

Ескерту! Бұл сыныпта бар пәндер және архивтегі пәндер көшірілмейді.

Мақала сізге көмек болды ма?