KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Әкімшілер үшін тоқсанды аяқтау

Соңғы өзгерістер: 27.03.2026

Тоқсанды жабу — бұл мектеп әкімшілігі бағалау кезеңін бастап, мұғалімдер барлық қорытынды бағаларды қойып, BilimClass журналдарын жабатын кезең.

Маңызды!

  • Мұғалімдер аттестаттау кезеңі басталмаған жағдайда да журналдарды жаба алады.
  • Аттестаттау кезеңі басталғаннан кейін оқушылардың қозғалысына байланысты кейбір әрекеттер (топтар немесе сыныптар арасында ауыстыру) бұғатталады.

1. "Пәндердің қорытылуы" бөліміне көшу

Сол жақтағы басқару тақтасы → Мониторинг → Пәндердің қорытылуы

04df2317772e7821038a920c1fad5d3a.png

2. Бағалау кезеңін бастау

  • "Кезеңді бағалауды бастау" батырмасын басыңыз.

f0242792be6fc9a209feeac515b4bb58.png
  • Өз әрекетіңізді растаңыз.

Маңызды!

  • Кезең басталғаннан кейін оқушылар қозғалысына қатысты барлық әрекеттер (топтар мен сыныптар арасында ауыстыру) бұғатталады.

6c45589db68238062b3783f75837e4e4.png

Ұсыныс: Бағалау кезеңін бастау алдында оқушылар қозғалысына байланысты барлық жұмыстарыңызды аяқтаңыз.

3. Сүзгі мен баптауларды орнату

  • Қажетті тоқсанды және бағалау кезеңін таңдаңыз.

e079785d8e7f3c90c71a1f768d190dc9.png

Ескертпе:

  1. Кезең 1 дегеніміз не?
    Бұл кезең толықтай есептілікке кіретін пәндерді қамтиды. Пән есептілікке кіреді деп саналуы үшін Оқу бағдарламалары бөлімінде пән баптауында “Есептілікте көрсетіледі” өрісі “Иә” деп белгіленуі керек. 1 - кезең пәндері "Білім сапасы" көрсеткішіне әсер етеді.

  2. Кезең 2 дегеніміз не?
    Ол есептілікке кірмейтін барлық басқа пәндерді қамтиды. Мұндай пәндерде "Есептілікте көрсетіледі" өрісі "Жоқ" деп белгіленген. 2 - кезең пәндері "Білім сапасына" әсер етпейді.

"Білім сапасы" туралы толығырақ ақпаратты осы нұсқаулықтан таба аласыз.

  • Кестеде сыныптар, журналдардың мәртебесі, олардың саны және жабылу пайызы көрсетіледі.

e9e51dc46e794ee7f47d6087ad93aced.png

4. Қорытынды бағаларды тексеру және деректерді бақылау

  • Мұғалімдер барлық сыныптардың журналдарын жапқандығына көз жеткізіңіз.

  • Мәліметтерді тексеру үшін қажетті параллельге және сыныпқа өтіңіз.

1e4df7fc04b28bee0f2a9c5b48d3135f.png
  • Қорытынды бағалардың дұрыстығын тексеріп, барлық деректердің дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз.

Маңызды! Мұғалімдерді ескертіңіз, бағалау кезеңінің белгілі бір кезеңі жабылғаннан кейін пән журналдарын қайта ашу мүмкін болмайды.

5. Бағалау кезеңін аяқтау

  • Барлық журналдардын жабылғанына көз жеткізіңіз.

5c07ef28d5640d881398135f580ab296.png
  • 1 - кезеннің деректерінің дұрыстығын тексергеннен кейін "Деректерді Білім басқармасына жіберу" батырмасын басып, әрекетіңізді растаңыз.

6c51a967f1dc0fc13a89b6bf8d94410f.png
c04910ce65a57609facd3a5d2a725390.png
47b3c8e45ea80575294a3372142f6a39.png
  • 1 - кезең аяқталғаннан кейін 2 - кезеңге өтіңіз.

  • 2 - кезеннің журналдарының жабылғанына көз жеткізіп, бағалау кезеңін "Бағалау кезеңін аяқтау" батырмасын басу арқылы аяқтаңыз.

2e362771aaf26e1f1ece2b90ded24273.png
73990091b675068d9f6d2c5b7454b4ed.png
859d0ae46812b4fedceb2c925b20be77.png

Құттықтаймыз! Сіз тоқсанды сәтті аяқтадыңыз!


Мақала сізге көмек болды ма?