KAZ
  • RUS
  • KAZ

Топтарды басқару

Соңғы өзгерістер: 29.05.2024

Топтар қайда орналасқан?

Сол жақ меню → Мектепті басқару → Оқушылар және сыныптар



Топтарды құру

Ескерту! Топтарды басқаруды тек әкімшілер немесе сынып жетекшілері жасай алады.

1) Топтар құрғыңыз келетін сыныпты таңдаңыз → Толығырақ белгішесін басыңыз


    2) Топтар батырмасының үстінен басамыз



    3) Топты қосамыз


    4) Сізде толтыру қажетті 2 ұяшық шығады:

      • Топтардың бөлінуі

      • алфавит бойынша - оқушылардың жалпы тізімі, алфавиттік ретпен топтарға бөлінеді.

      • ерікті - оқушылардың жалпы тізімі, еркін тәртіпте топтарға бөлінеді.

      • жынысы бойынша - оқушылардың жалпы тізімі, жынысы бойынша 2 топқа бөлінеді.

      • Топтар саны

      Сізге сәйкес сүзу түрін және топтар санын таңдап, Келесі батырмасын басыңыз

      5) Сіз Алфавит бойынша бөлінген 2 топ құрдыңыз. Егер оқушыны басқа топқа ауыстыру қажет болса, мұны оқушының атын тінтуірдің сол жақ түймешігімен басып, дұрыс жерге бағыттау арқылы жасауға болады.

      Егер сізге бірнеше оқушыны ауыстыру қажет болса, мұны олардың аттарын басып, содан кейін оларды дұрыс жерге бағыттау арқылы жасауға болады.

      6) Топтарға ат қоямыз Қосу батырмасын басамыз


      7) Құттықтаймыз! Топтарды сәтті құрдыңыз.


      Топтар арасындағы ауыстыру және жаңа оқушыны топқа қабылдау

      Ескерту! Жаңадан келген оқуышыны міндетті түрде топқа қосу керек. Оқушы жаңадан келгенде Топсыз деген бағанда шығады.

      1) Қажетті топты таңдаймыз → Түзету батырмасын басамыз


      2) Ауыстырғымыз келетін оқушының атын таңдаймыз → Тінтуірді ауыстырғымыз келетін топқа бағыттаймыз → Ауыстыру күнін көрсетеміз → Сақтаймыз

        Мақала сізге көмек болды ма?