Мектепте ҚМЖ-ны қосу және өшіру
Әдепкі бойынша ҚМЖ функциясы өшірулі болуы мүмкін. Директор немесе меңгеруші оны мектеп параметрлерінде қоса алады.
Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Мектеп баптаулары бөліміне өтіңіз.

Ашылған бетте Жалпы мәліметтер бөлімін таңдаймыз

«ҚМЖ толтыру» бөлімін табыңыз.
ҚМЖ толтыруды қосу үшін батырманы басыңыз.
ҚМЖ-ның толтырылуы мұғалімдердің журнал жүргізу индексін есептеуге әсер етпейді.

Жалауша қосылса — мұғалімдердің КТЖ кестесінде «ҚМЖ» бағаны пайда болады. Өшірілсе — баған жасырылады.
ҚМЖ толтыруды қосқан кезде бірден жоспарлауды келісу тәртібін көрсетіңіз:
- Келісусіз - Мұғалім жоспарды сабаққа тіркейді, әкімшілік оны КТЖ-дан көреді.
- Әкімшілік келісуімен - Сабаққа дейін жоспарды директор немесе меңгеруші тексеріп, бекітеді.
- Ескерту - Сабақты өткізуге болады — жүйе мұғалімге келісілмеген жоспар туралы ескерту көрсетеді.
- Рұқсат бермеу - Директор немесе меңгеруші жоспарды келіскенге дейін сабақты өткізуге болмайды.

Мұғалімдердің ҚМЖ-сын қарау
Егер мектепте ҚМЖ-ның келісу тәртібі "Келісусіз" деп таңдалған болса, мұғалім ҚМЖ сілтемесін қосқаннан кейін директор немесе директор орынбасары мыналарды орындай алады:
- Қажетті мұғалімнің «КТЖ» бетін ашыңыз.
- «ҚМЖ» бағанындағы «ҚМЖ-ны жаңа қойындыда ашу» түймесін басыңыз — сілтеме браузерде ашылады.
Мұғалімнің сілтеме арқылы құжатқа кіруге рұқсат бергеніне көз жеткізіңіз — әйтпесе қол жеткізу қатесі шығады.
ҚМЖ келісімі
Егер мектепте ҚМЖ-ның келісу тәртібі "Әкімшілік келісуімен" деп таңдалған болса, директор немесе меңгеруші ҚМЖ-ларды мониторингте бақылап, келісім береді немесе қабылдамайды.

Ол үшін Мониторинг - ҚМЖ келісімі бөліміне өту қажет.

Ашылған бетте алдымен күнді таңдап, сол күнгі ҚМЖ-лардың мәртебелерін көре аласыз:

- Келісуді күтуде - мұғалім ҚМЖ толтырған, келісуді күтуде;
- Сабақ өтті, келісуді күтуде - мұғалім ҚМЖ толтырған, сабақ өткізілген, келісуді күтуде;
- Келісілгендер - барлық келісілген ҚМЖ-лар;
- Қабылданбағандар - барлық қабылданбаған ҚМЖ-лар;
- Жоспар тіркелмеген - мұғалім әлі ҚМЖ толтырмаған
Мұғалімдер жоспарлардың келісілгенін немесе қабылданбағанын КТЖ-дан немесе журналда сабақ өткізер кезде көре алады.
Келісім беру үшін күтуде тұрған жоспарлардың арасынан қажетін таңдаңыз.
"Келісу" батырмасын немесе жоспардың тұсындағы құсбелгіні басыңыз.

Егер барлық күтуде тұрған жоспарларды қарап шыққан болсаңыз, "Тізімдегі барлығын келісу" батырмасы арқылы барлық жоспарға бір сәтте келісім бере аласыз.
Келісім берілген жоспарлар "Келісілгендер" бөлімінде көрінеді.
Жоспарды қабылдамау үшін "Қабылдамау" батырмасын басыңыз.

Бас тарту себебін енгізіп, "Келісуді қабылдамау" батырмасы арқылы сақтаңыз.

Жоспар бірден "Қабылданбағандар" бөліміне ауысады.
Қабылданбаған жоспарларды мұғалімдер өңдеп, қайта жібергенде, әкімші оларды бірден "Келісуді күтуде" бөлімінен көреді. Ондай жоспарлардың тұсында "Келісу алынды" деген белгі болады.
ҚМЖ-ны бір әрекетпен келісу немесе қабылдамау үшін пернетақтаның мына батырмаларын басыңыз:
- A - келісу
- R - қабылдамау
Мұғалімдерге арналған ҚМЖ қосу туралы нұсқаулық: help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/385223