Егер сіздің мектебіңізде ҚМЖ толтыру мүмкіндігі қосылған болса, КТЖ-да ҚМЖ бағаны көрінеді.
Жүйеде ҚМЖ-ны келісудің 3 тәртібі бар:
- Келісусіз: мұғалім жоспарды сабаққа тіркейді, әкімшілік оны КТЖ-дан көреді.
- Әкімшілік келісуімен - Ескерту: сабаққа дейін жоспарды директор немесе меңгеруші тексеріп, бекітеді, сабақты өткізуге болады — жүйе мұғалімге келісілмеген жоспар туралы ескерту көрсетеді.
- Әкімшілік келісуімен - Рұқсат бермеу: сабаққа дейін жоспарды директор немесе меңгеруші тексеріп, бекітеді, директор немесе меңгеруші жоспарды келіскенге дейін сабақты өткізуге болмайды.
ҚМЖ-ны қосу
ҚМЖ қосу үшін Сол жақ мәзір → Мұғалімге → КТЖ бөліміне өтіңіз.

Параллель және пән бойынша сүзу жасап, керекті сыныптың бойындағы Іс-әрекет бағанында көрсеткішті басыңыз.

«ҚМЖ» бағанындағы «+» түймесін басыңыз. «Сабаққа ҚМЖ қосу» бүйір панелі ашылады.
Егер мектебіңізде жоспарды келісу тәртібі "Әкімшілік келісуімен" болса, толтырылмаған ҚМЖ-ның мәртебесі бірден көрініп тұрады.

Панельде пән, сынып, күн мен уақыт, топ (немесе «Бүкіл сынып»), сабақ тақырыбы көрсетіледі.
«ҚМЖ сілтемесі» өрісіне құжат сілтемесін қойыңыз (Google Docs, Google Drive, Яндекс.Диск, Mail бұлты).

«Сақтау» немесе "Келісуге жіберу" түймесін басыңыз.
Сақтағаннан кейін, ҚМЖ мәртебесі "Келісуде" болып өзгереді.

Құжаттың сілтеме арқылы ашылатынына көз жеткізіңіз — әйтпесе әкімші оны қарай алмайды.
ҚМЖ-ны өңдеу
"Келісусіз" режимі:
ҚМЖ қосылып қойған болса, «ҚМЖ» бағанында екі түйме көрінеді:
- «ҚМЖ-ны жаңа қойындыда ашу» — ағымдағы сілтемені қарау.

- «ҚМЖ-ны өңдеу» — сілтемені өзгерту үшін бүйір панелін ашады.

Өңдеу үшін «ҚМЖ-ны өңдеу» түймесін басып, өрісті тазалап, жаңа сілтемені енгізіп, «Сақтау» түймесін басыңыз. Жаңа сілтеме ескісін алмастырады.
"Әкімшілік келісуімен" режимдері:
ҚМЖ келісілген болса, сіз ол ҚМЖ-ны өңдей алмайсыз.

Әлі келісілмеген немесе қабылданбаған ҚМЖ-ны өңдеп, келісуге жібере аласыз.
ҚМЖ-ны жою
"Келісусіз" режимі:
«ҚМЖ-ны өңдеу» түймесін басыңыз.

«ҚМЖ сілтемесі» өрісін тазалаңыз.
«Сақтау» түймесін басыңыз.

«Сабақты ҚМЖ-сыз қалдыру керек пе?» диалогында «ҚМЖ-сыз қалдыру» түймесін басыңыз.

"Әкімшілік келісуімен" режимдері:
ҚМЖ келісілген болса, сіз ол ҚМЖ-ны өшіре алмайсыз.

Әлі келісілмеген немесе қабылданбаған ҚМЖ-ны өшіре аласыз.
Сабақты өткізу
"Келісусіз" режимі:
ҚМЖ толтырылуы сабақты өткізуге әсер етпейді.
"Әкімшілік келісуімен - Ескерту" режимі:
ҚМЖ келісілмесе немесе толтырылмаса сабақты өткізе аласыз. Ескерту белгісі көрініп тұрады.


"Әкімшілік келісуімен - Рұқсат бермеу" режимі:
ҚМЖ келісілмесе немесе толтырылмаса сабақты өткізе алмайсыз. Ескерту белгісі көрінеді, батырма бірден ҚМЖ-ға бағыттайды.

