KAZ
  • RUS
  • KAZ

Әлеуметтік педагог кабинеті

Соңғы өзгерістер: 31.05.2024

Әлеуметтік санаттарды басқару және Тамақтану табелі - мектептің тамақтану процесін жүргізуге арналған бөлімдер. Әкімшілерге (директор және оның орынбасары) және әлеуметтік педагогтерге қолжетімді.


Әлеуметтік санаттарды басқару

1. Сол жақ мәзір → BilimClass → Әлеуметтік санаттарды басқару

2. Керекті параллельді таңдап, соның бойындағы көрсеткішті басамыз

3. Таңдалған 2 "А" сыныбындағы барлық оқушыларда "Бастапқы" тегін тамақтану санаты. 1-4 сыныптарға автоматты түрде тегін тамақтану санаты беріледі.

4. Енді тегін тамақтану санатын 10 сыныпқа белгілейік. Керекті сыныпты ашамыз.

5. Керекті оқушының бойындағы Тегін тамақтану бағанынан Халықтың әлеуметтік осал топтары санатын таңдаймыз. Жанындағы бағанда Тамақтану картасын қоссаңыз болады.


Мектептің тамақтану табелі

1. Сол жақ мәзір → BilimClass → Тамақтану табелі

2. Мектептің тамақтану табелін ашу үшін, оң жақтағы тиісті батырманы басыңыз.

3. Мектептің тамақтану табелі келесі ақпаратты береді:

  •  оқушы, 

  • оның сыныбы, 

  • санаты, 

  • кезең ішінде тамақтануды есептен шығару бойынша ақпарат (оқушы айдың қай күндері тамақтанды).

Табелді кезең бойынша сүзуге болады.

 

Мектептің белгілі бір кезеңдегі тамақтану табелін  Excel файл ретінде жүктеп алуға болады.


Сыныптың тамақтану табелі

1. Тамақтану табелі бөлімінде параллель бойынша сүзу жасап, керекті сыныпты таңдаймыз

2. Толығырақ бағанындағы көрсеткішті басып, табельдің өзіне өтеміз.

3. Сыныптың тамақтану табелі келесі ақпаратты береді:

  • оқушы,

  • оның сыныбы,

  • санаты,

  • кезең ішінде тамақтануды есептен шығару бойынша ақпарат.

Табелді кезең бойынша сүзуге болады.

Сыныптың белгілі бір кезеңдегі тамақтану табелін Excel файл ретінде жүктеп алуға болады.



Мақала сізге көмек болды ма?