Егер сіз кезеңдерді бағалау (аттестаттау) кезінде оқушының қосылуын немесе кетуін жасағыңыз келсе, төмендегі нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз және сізге сәйкес келетін жағдайды таңдаңыз.
Кезеңдерді бағалау кезінде оқушының қосылуы (қабылдануы)
1-жағдай
Егер келетін оқушыға кезеңдік баға қою керек болса, келу күнін бағалау кезеңінің аяқталу күнінен ертерек көрсету керек.
Мысалы:
Сіз алфавиттік кітапта оқушыны қосып жатырсыз және оған осы кезең бойынша баға қойғыңыз келеді.
Бағалау (аттестаттау) кезеңінің соңғы күні: 28.12.2023
Оқушының қосылу күні 28.12.2023 дейін болу керек.
Сіздерге ыңғайлы болу үшін біз Алфавиттік кітап бөліміне мектептің оқу кезеңдерінің басталу және аяқталу уақыттарын көрсетіп қойдық.

2-жағдай
Егер қосылатын оқушыға кезеңге баға қою қажет болмаса, оқушының қосылу күніне бағалау (аттестаттау) кезеңі аяқталғаннан кейінгі күндерді жазу керек.
Мысалы:
Сіз алфавиттік кітапта оқушыны қосып жатырсыз және оған осы кезеңге баға қою керек емес.
Бағалау (аттестаттау) кезеңінің соңғы күні: 28.12.2023
Оқушының қосылу күні 28.12.2023 кейін болу керек.
Кезеңдерді бағалау кезінде оқушының кетуі
1-жағдай
Егер кетіп жатқан оқушыға бағалау кезеңіне баға қою керек болса, кету күнін бағалау (аттестаттау) кезеңі аяқталғаннан кейінгі күндерге қою керек.
Мысалы:
Сіз алфавиттік кітапта оқушының кетуін жасап жатсыз және оған бағалау (аттестаттау) кезеңіне баға қойғыңыз келеді.
Бағалау (аттестаттау) кезеңінің соңғы күні: 28.12.2023
Кету күніне 28.12.2023 кейінгі күнді жазамыз.
2-жағдай
Егер кетіп жатқан оқушыға бағалау кезеңіне баға қою керек болмаса, кету күнін бағалау (аттестаттау) кезеңі аяқталғанға дейінгі күндерге қою керек.
Мысалы:
Сіз алфавиттік кітапта оқушының кетуін жасап жатсыз және оған бағалау (аттестаттау) кезеңіне баға қою керек емес.
Бағалау (аттестаттау) кезеңінің соңғы күні: 28.12.2023
Кету күніне 28.12.2023 дейінгі күнді жазамыз.
Қосу, кету әрекетін жасағанда, келесіні ескеріңіз:
Қосылу күні - оқушыны мектепке қосқан кезде толтырылатын "Орта білім беру ұйымына қабылданған күні" жолы.
Алфавиттік кітапта оқушыны қалай қосу керектігі жазылған нұсқаулық: https://help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/317352
Кету күні - оқушының мектептен кетуін жасаған кезде Кету күні жолы.
Алфавиттік кітапта оқушының кетуінқалай жасау керектігі жазылған нұсқаулык: https://help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/317374