KAZ
  • RUS
  • KAZ

Пән бойынша үлгерім: Жылдық және қорытынды бағалар

Соңғы өзгерістер: 31.05.2024

Енді пәндер бойынша есеп жылдық/қорытынды бағалау нәтижелері бойынша білім сапасын талдауға мүмкіндік береді. Бұл кесте әкімші, сынып жетекшісі және пән мұғалімінің пайдалануына арналған.

Пәндер туралы есептер бетіне кіру үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://bilimclass.kz/reports/by-subjects


Есепті құру


1. Сол жақ мәзір → Есептілік → Пән бойынша үлгерім


2. Жоғарғы бөлікте келесі ақпаратты көрсету керек:

  • оқу жылы

  • қай бағаларға қатысты есеп керектігін: жылдық бағалар немесе қорытынды бағалар; Егер сіз жылдық бағаны таңдасаңыз, онда есепте жылдық журналдағы жылдық баға өрісінен алынған бағалар қолданылады. Егер сіз қорытынды бағалар бойынша таңдаған болсаңыз, онда есепте жылдық журналдағы қорытынды баға өрісінен алынған бағалар пайдаланылады;

  • керек сыныптар не параллельдер, болмаса барлық параллельдер (керектінің үстінен басыңыз)

Барлығын таңдаған соң, Есепті көрсету батырмасын басыңыз. Есеп жыл соңындағы оқушылар саны бойынша құрылады.


Есептегі деректердің қалай қалыптасатынын білу үшін сілтемеге өтіңіз: https://help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/316669

Мақала сізге көмек болды ма?