KAZ
  • RUS
  • KAZ

Пән бойынша үлгерім - Қолдану нұсқаулығы

Соңғы өзгерістер: 08.12.2023

Үлгерім кестесі жайлы жалпы ақпарат

Пән бойынша үлгерім кестесі оқу кезеңдерінің (тоқсан, жарты жылдық, жылдық) нәтижелері бойынша бір немесе бірнеше параллельдің немесе сыныптың белгілі бір пән бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасын талдауға мүмкіндік береді. Бұл кесте пән мұғалімінің немесе мектеп басшылығының қолданылуына арналған.

*Таңдалған оқу кезеңі үшін белгілі бір пәннің қорытынды бағалары сыныпқа толықтай қойылғаннан кейін ғана Пән бойынша үлгерім кестесі автоматты түрде толтырылады.

Ескерту! Пән мұғалімі тек өз пәні бойынша ғана есептерді көре алады.

Пәндер туралы есептер бетіне кіру үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://bilimclass.kz/reports/by-subjects


Пән бойынша үлгерім кестесін кестесін құру

Пән бойынша үлгерім кестесін кестесін құру үшін жоғарғы блокта келесі ақпаратты көрсету қажет.

  • оқу жылы;

  • оқу кезеңі;

  • керекті пән;

  • керекті сыныпты, параллельді немесе барлық сыныптарды таңдау мүмкіндігі бар. Керектіні таңдау үшін жазудың үстінен басыңыз;

  • барлығын таңдап болған соң, “Есепті көрсету” батырмасын басыңыз.


Пән бойынша үлгерім кестесі

Пән бойынша үлгерім кестесінің үстінде келесі 3 ақпараттық жол бар:

  • оқу жылы;

  • кезең;

  • пән.

Кестенің екінші бөлімі келесі ақпараттан тұрады:

  • сыныптар;

  • кезең;

  • оқушылар саны;

  • үлгерім:

Үздік - пән бойынша қорытынды бағасы “5” болған оқушылар;

Жақсы - пән бойынша қорытынды бағасы “4” болған оқушылар;

Қанағаттандырарлық - пән бойынша қорытынды бағасы “3” болған оқушылар;

Қанағаттандырарлық емес - пән бойынша қорытынды бағасы “2” болған оқушылар;

Сыналды - пән бойынша “Сыналды” бағасын алған оқушылар;

Сыналған жоқ - пән бойынша “Сыналған жоқ” бағасын алған оқушылар;

Босатылған - белгілі бір себеппен сабақтан босатылған оқушылар;

Таңдалмады - белгілі бір себеппен бұл сабақты таңдамаған оқушылар;

Аттестатталмады - белгілі бір себеппен аттестатталмаған оқушылар.

Уақытша аттестатталған жоқ - белгілі бір себеппен уақытша аттестатталмаған оқушылар.

Ескерту! Бұл бағалардың, не үлгерім категорияларының астында жазылатын сандар, сол бағаны алған оқушылардың саны.


  • орташа балл

Есептелу жолы: Сыныптағы оқушылардың қорытынды бағаларының қосындысы / оқушылардың саны = орташа балл;

  • үлгерім сапасы

Есептелу жолы: ((оқу озаттарының саны + екпінділер саны+үлгерушілер саны+аттестатталмағандар саны) / жалпы оқушылар саны)*100% = үлгерім сапасы;

  • білім сапасы

Есептелу жолы: (“5” бағасын алғандар саны + “4” бағасын алғандар саны) / жалпы оқушылар саны)*100% = білім сапасы;

  • журнал

Журнал бағанындағы көрсеткіш, сізді сол қатардағы сыныптың журналына өткізеді.


Журнал бетіне өту арқылы сіз, таңдаған сыныптағы оқушылардың әр сабақ сайын қойылған бағаларымен таныса аласыз.


Мақала сізге көмек болды ма?