KAZ
  • KAZ
  • RUS

Кезеңдерді бағалау кезінде оқушының қосылуы және кетуі

Соңғы өзгерістер: 04.02.2025

Егер сіз кезеңдерді бағалау (аттестаттау) кезінде оқушының қосылуын немесе кетуін жасағыңыз келсе, төмендегі нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз және сізге сәйкес келетін жағдайды таңдаңыз.


Кезеңдерді бағалау кезінде оқушының қосылуы (қабылдануы)

1-жағдай

Егер келетін оқушыға кезеңдік баға қою керек болса, келу күнін бағалау кезеңінің аяқталу күнінен ертерек көрсету керек.

Мысалы:

Сіз алфавиттік кітапта оқушыны қосып жатырсыз және оған осы кезең бойынша баға қойғыңыз келеді.

Бағалау (аттестаттау) кезеңінің соңғы күні: 28.12.2023

Оқушының қосылу күні 28.12.2023 дейін болу керек.


Сіздерге ыңғайлы болу үшін біз Алфавиттік кітап бөліміне мектептің оқу кезеңдерінің басталу және аяқталу уақыттарын көрсетіп қойдық.



2-жағдай

Егер қосылатын оқушыға кезеңге баға қою қажет болмаса, оқушының қосылу күніне бағалау (аттестаттау) кезеңі аяқталғаннан кейінгі күндерді жазу керек.

Мысалы:

Сіз алфавиттік кітапта оқушыны қосып жатырсыз және оған осы кезеңге баға қою керек емес.

Бағалау (аттестаттау) кезеңінің соңғы күні: 28.12.2023

Оқушының қосылу күні 28.12.2023 кейін болу керек.


Кезеңдерді бағалау кезінде оқушының кетуі

1-жағдай

Егер кетіп жатқан оқушыға бағалау кезеңіне баға қою керек болса, кету күнін бағалау (аттестаттау) кезеңі аяқталғаннан кейінгі күндерге қою керек.


Мысалы:

Сіз алфавиттік кітапта оқушының кетуін жасап жатсыз және оған бағалау (аттестаттау) кезеңіне баға қойғыңыз келеді.

Бағалау (аттестаттау) кезеңінің соңғы күні: 28.12.2023

Кету күніне 28.12.2023 кейінгі күнді жазамыз.

2-жағдай

Егер кетіп жатқан оқушыға бағалау кезеңіне баға қою керек болмаса, кету күнін бағалау (аттестаттау) кезеңі аяқталғанға дейінгі күндерге қою керек.

Мысалы:

Сіз алфавиттік кітапта оқушының кетуін жасап жатсыз және оған бағалау (аттестаттау) кезеңіне баға қою керек емес.

Бағалау (аттестаттау) кезеңінің соңғы күні: 28.12.2023

Кету күніне 28.12.2023 дейінгі күнді жазамыз.



Қосу, кету әрекетін жасағанда, келесіні ескеріңіз:

Қосылу күні -  оқушыны мектепке қосқан кезде толтырылатын "Орта білім беру ұйымына қабылданған күні" жолы.

Алфавиттік кітапта оқушыны қалай қосу керектігі жазылған нұсқаулық: https://help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/317352

Кету күні - оқушының мектептен кетуін жасаған кезде Кету күні жолы.

Алфавиттік кітапта оқушының кетуінқалай жасау керектігі жазылған нұсқаулык: https://help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/317374

Мақала сізге көмек болды ма?