Алфавиттік кітап - оқушы туралы ақпаратты, оның қабылдануы мен кетуі туралы ақпаратты сақтау мақсатында мектептің барлық оқушылары үшін жүргізілетін электрондық деректер базасы.
Алфавиттік кітапты қалай табамыз?
Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Алфавиттік кітап

Алфавиттік кітапта оқушының кетуін қалай жасаймыз?
1) Оқушыны есімі немесе тегінің бірінші әріпі арқылы табамыз

2) Керекті оқушы жазылған жолға басамыз → Кету батырмасын басамыз

3) Кету себебін, кету уақыты және бұйрығы жайлы ақпараттарды енгіземіз → Сақтау батырмасын басамыз

4) Оқушының мектептен кету процессін сәтті аяқатыдыңыз!
Қателікпен енгізілген оқушыны қалай жоюға болады?
Егер оқушы қателікпен енгізілсе (басқа бала, импорттан кейінгі қайталану), оқушының кетуін рәсімдеуде Қате қосылған себебін таңдаңыз. Жазба Алфавиттік кітаптан жойылады, ал Бұйрықтарды тіркеу кітабында қате енгізілген бұйрық пайда болмайды.
- Оқушының тұсындағы Кету батырмасын басыңыз
- Кету себебі өрісінде Қате қосылған себебін таңдаңыз

- «Оқушының мектепте оқымайтынын растаймын» құсбелгісін қойыңыз, қажет жағдайда пікір жазыңыз (250 таңбаға дейін)
- Жазбаны жою батырмасын басыңыз. Жазба Алфавиттік кітаптан, журналдардан, сынып тізімінен жойылады.

Егер оқушы бойынша баға немесе қатысу белгісі болса, бұл функция қолжетімсіз. Бұйрықпен әдеттегі шығуды рәсімдеңіз.

Алфавиттік кітапта оқушының қабылдануын қалай жасау керектігін білу үшін мына сілтемеге өтіңіз:
https://help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/317352