KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Сынып жетекшілердің Алфавиттік кітапқа қолжетімділігі

Соңғы өзгерістер: 26.08.2026

Енді жүйеде әкімшілер сынып жетекшілерге Алфавиттік кітаппен жұмыс жасауға мүмкіндік бере алады. Ол үшін Мектепті басқару -- Мектеп баптаулары бөліміне өтіңіз. 

0b54fb1c8767f887bdbdee615165e6c8.png

Жалпы мәліметтерге өтіп, беттің төменгі жағына қарай түсіңіз -  Сынып жетекшілеріне Алфавиттік кітапқа қолжетімділік бөлімін көре аласыз. 

fe5479d1c007da00742e3219a8a3ceec.png

Ұяшыққа құсбелгіні қойыңыз. 

60cad09afa64f21cf11657c80b713d0e.png

“Қолжетімділікті қосу” батырмасын басыңыз. 

c92ee5ee6961462b9b60e773bb67f9a4.png

Осылайша Сынып жетекшілеріне Алфавиттік кітапты қарау және өңдеу мүмкіндігі қосылады.

Қажет жағдайда құсбелгіні алып тастап, қолжетімділікті өшіруге болады. 


Сынып жетекшілер бұл бөлімді қалай табады? 

Жүйеге мұғалім рөліндегі аккаунтыңыз арқылы кіріңіз.

Егер сіздің жетекшілік ететін сыныбыңыз болса, Мұғалімге - Алфавиттік кітап бөліміне өтіңіз. 

Егер сіз сынып жетекші болмасаңыз, мұғалім рөліне бұл бөлім көрінбейді. 

b04c70f5d5a1f9b7755a2d69d203077f.png

Әкімшілерде бар функциялар сынып жетекшілерге де қолжетімді:

  • Оқушыны мектепке қабылдау: Сынып жетекші оқушыны тек өз сыныбына қабылдай алады
  • Оқушыларды Excel арқылы импорттау
  • Деректерді өңдеу
  • Оқушыны мектептен шығару
317546b8b80774dd05eaf52f47b1fe39.png


Алфавиттік кітаппен жұмыс туралы толығырақ нұсқаулықтармен танысу үшін төмендегі сілтемелерге өтіңіз:

Мақала сізге көмек болды ма?