KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Мектепішілік бақылау

Соңғы өзгерістер: 16.07.2026

Мектепішілік бақылау (МІБ) — оқу жылы бойы мектеп әкімшілігі (директор, меңгерушілер) оқу-тәрбие процесінің сапасын, құжаттама жүргізуді, педагогтардың жұмысын, инфрақұрылым жағдайын жүйелі түрде тексеретін жоспарлы басқарушылық құжат.

Мектепішілік бақылау құжаттарын жүктеу үшін Сол жақ мәзір → Мектепті басқару, Мектепішілік бақылау(МІБ) бөліміне өтіңіз.

7ead77e7338edceba78f83f9308f36e6.png

Берілген 8 бағыт бойынша тақырыптар қосуға болады, ол үшін әр бағыттың “толығырақ” бөліміне өту қажет.

b7ec6134ce0924b7f9d62871f45861f6.png

“Бақылау тақырыбын қосу” түймесін басыңыз.

d2c0d77577254d349282e4fedfb4dfdd.png

Міндетті өрістерді толтырып: 

  • Бақылау тақырыбы
  • Бақылау мақсаты
  • Бақылау объектісі
  • Бақылау түрі
  • Бақылау әдістемесі
  • Бақылау кезеңі
  • Жауаптылар
  • Қарау орны (міндетті емес)
  • Қайталама бақылау (міндетті емес)
e067c1c7fa0bbda3a4e74a9a76156a2b.png

“Сақтау” батырмасын басыңыз. Бұл өрістер әрдайым өңдеуге қолжетімді.

9c86def75df5e195e25097c6155e5d5f.png

Енгізуге болатын тақырыптар саны шектелмеген

Бақылау аяқталғанда “Қарындаш” батырмасы арқылы тақырыпты қайта ашып,

3ee2308aabc15cc14d2b9e8472a3e037.png

орындалу туралы есеп (файл) жүктеген соң құсбелгіні басып, сақтай аласыз.

53bd448aaa1fb79e748240fb7903a8dc.png

“Тақырып орындалды” құсбелгісі белсенді болу үшін кем дегенде бір файл жүктеу қажет. Жүктеуге болатын файл саны шектелмеген, өлшемі 10МБ-дан аспау керек. 

Бөлімге қайта кіріп, бақылау тақырыптарын мәртебесіне қарай сүзгілеуге болады.

928fa6b2f3b450cb044580f5128ed739.png

 “Орындалды” мәртебесі “Тақырып орындалды” құсбелгісі қойылған соң беріледі. 

fae8743fe12d8b6ea0763ba5bdd1f5d2.png

Бағыттарға оралып, барлық бағыттар мен тақырыптар бар құжатты жүктей аласыз. 

c20e78ae7c2a7d78bb19956c3d136572.png

Мақала сізге көмек болды ма?