ЖИ-репетитор — оқушыларға оқу материалын оңай меңгеруге көмектесетін интеллектуалды көмекші. Ол тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіреді, есептердің шешу жолын кезең-кезеңімен көрсетеді, күрделі сұрақтарға жауап береді және емтиханға дайындалуға қолдау көрсетеді. ЖИИ-репетитордың көмегімен оқу үдерісі түсінікті, ыңғайлы әрі қызықты болады.
- Сол жақ мәзірден «ЖИ-репетитор» бөлімін таңдаңыз.
- Пәнді таңдаңыз (математика, физика, химия және басқа пәндер).
- Оқу тілін таңдаңыз (қазақ немесе орыс тілі).
- «Оқуды бастау» батырмасын басыңыз.

- Сұрағыңызды енгізіңіз. ЖИ-репетитор сізге материалды түсіндіріп, шешу жолын кезең-кезеңімен көрсетеді.
