
- Келесі кезекте сізге “Менің курстарым” бөлімі ашылады.
- "Курсты таңдау" батырмасын басыңыз.
- “Курстар каталогі” бөліміне өтіп, курстармен таныса аласыздар.

- Келесі кезекте “Толығырақ” батырмасын басу арқылы немесе сүзгі арқылы қажетті курс бойынша толық ақпаратпен таныса аласыз.

- Экранның оң жағында орналасқан “Оқуды жалғастыру” батырмасын басыңыз. Осы батырма арқылы курс материалдарын өзіңізге ыңғайлы уақытта және кез келген құрылғыдан оқи аласыз.

- “Сабаққа өту” батырмасын басыңыз. Осы бөлім арқылы курсты онлайн форматта оқып, оқу материалдарымен таныса аласыз.
- Оқу процесінде курс бағдарламасында көзделген оқу материалдарын үнемі оқып-үйрену, тапсырмаларды орындау және практикалық жұмыстарды орындау қажет.

- Курсты сәтті аяқтау үшін келесі қадамдарды басшылыққа алыңыз:
- Практикалық тапсырмаларды орындау кезінде «Тексеру» батырмасын пайдаланып жауаптарыңызды тексеріңіз.

- Келесі бетке өту үшін «Алға» батырмасын немесе сабақтың шетіндегі мәзірді пайдаланыңыз.

- “Сабақтың қорытындысы” бөлімінде сіздің оқу нәтижеңіз көрсетіледі. Егер нәтиже қанағаттанарлықсыз болса, “Курсқа өту” батырмасын басу арқылы сабақты қайта өтуге болады.
- Әр сабаққа үш мүмкіндік берілген, және күніне үш реттен артық өтуге болмайды.

- Барлық сабақтарды сәтті аяқтаған болсаңыз, “Қорытынды тестті тапсыру” батырмасын басу мүмкіндігі пайда болады.

- Қорытынды тестілеуге кіріспес бұрын, тестілеу уақытымен, сұрақтар саны және өту үшін қажетті ең төменгі пайызбен танысыңыз.
- Тестілеуді бастау үшін “Бағалауды бастау” батырмасын басыңыз.

- Тестілеуге шектеулі уақыт берілген, сондықтан сол уақыт аралығында аяқтауға тырысыңыз. Сұрақтарға ретімен жауап беруге немесе оларды өткізіп, кейін қайта оралуға болады.

- Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін “Емтиханды аяқтау” батырмасын басыңыз.

- Қалқымалы терезеде тестілеуді аяқтауды растау үшін “Аяқтау” батырмасын қайта басыңыз.

- Тестілеуді сәтті аяқтағаннан кейін сізге сертификат беріледі. Сертификатты “Менің сертификаттарым” бөліміне өтіп, жүктеп ала аласыз.
