Әдіскерлер үшін
Есеп конструкторы білім сапасы мен үлгерім көрсеткіштері бойынша есептерді өз бетіңізше қалыптастыруға және нәтижені Excel форматында жүктеп алуға мүмкіндік береді.
Қатынас деңгейі
Қол жетімді аумақтар сіздің рөліңізге байланысты анықталады:
Рөл |
Қол жетімді аумақтар |
Ел әдіскері |
Барлық облыстар мен аудандар |
Облыс әдіскері |
Тек өз облысы |
Аудан әдіскері |
Тек өз ауданы |
Есепті қалай қалыптастыруға болады
1.Бөлімді ашыңыз— Есептілік → Білім сапасы / Үлгерім бойынша есеп

2.Аумақты таңдаңыз

Беттің жоғарғы бөлігінде Облыс немесе Аудан батырмасын басыңыз.
Аудан таңдасаңыз — пайда болған өрісте тізімнен қажетті ауданды таңдаңыз.
3.Есеп түрін таңдаңыз— Мектеп түрлері бойынша немесе Мектептер бойынша

4.«Мектептер бойынша» таңдасаңыз:

Бөліністі таңдаңыз: Пәндер бойынша немесе Параллельдер бойынша.
Детализацияны таңдаңыз: Аудан бойынша бөлініс немесе Мектеп бойынша бөліністі таңдаңыз.
«Мектеп бойынша бөліністі» таңдаған кезде іздеу өрісіне мектептің БСН-ін енгізіңіз.
5.«Мектеп түрлері бойынша» таңдасаңыз:

Бөліністі таңдаңыз: Контингент бойынша, білім деңгейі бойынша, меншік нысаны бойынша, оқыту бейіні бойынша, жергілікті жер түрі бойынша немесе білім беру жағдайының түрі бойынша.
6.Негізгі сүзгілерді баптаңыз:

Кезең — міндетті өріс.
Деректерді біріктіру — параллель топ бойынша, параллельдер бойынша.
Оқыту тілі, Оқыту профилі, Оқушылардың жынысы — қажет болса толтырыңыз.
7.Қажет болса мектеп түрлері бойынша сүзгілерді баптаңыз (міндетті емес)— білім деңгейінің түрі, меншік формасының түрі, білім беру профилінің түрі, жергілікті жер түрі, білім беру жағдайының түрі

8.«Excel-ге есепті шығару» батырмасын басыңыз— файл автоматты түрде жүктеледі

Кезең таңдалмаған кезде «Excel-ге есепті шығару» батырмасы белсенді емес. Есеп түрі немесе аумақ ауысқанда барлық сүзгілер қалпына келтіріледі.
Әр есеп түрі нені көрсетеді
Мектептер бойынша
Сіздің аумағыңыздағы мектептердің үлгерім көрсеткіштері.
• Пәндер бойынша — әр пән бойынша білім сапасы.
• Параллельдер бойынша — параллельдер мен сыныптар бойынша көрсеткіштер.
• Аудан бойынша бөлініс — аудандағы барлық мектептер бойынша жиынтық деректер.
• Мектеп бойынша бөліністі — нақты мектеп бойынша деректер (БСН арқылы іздеу).
Мектеп түрлері бойынша
Мектеп санаттары бойынша салыстырмалы деректер. Алты бөліністің бірін таңдаңыз:
• Контингент бойынша — толық жинақты мектептер және шағын жинақты мектептер.
• Білім деңгейі бойынша — бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектептер.
• Меншік нысаны бойынша — мемлекеттік және жекеменшік мектептер.
• Оқыту бейіні бойынша — гимназия, лицей, бейіндік мектеп, жалпы орта білім беретін мектеп.
• Жергілікті жер түрі бойынша — қалалық және ауылдық мектептер.
• Білім беру жағдайының түрі бойынша — кешкі, арнайы, мамандандырылған мектептер.
Таңдалған бөлініспен сәйкес келетін сүзгі мектеп түрлері бойынша сүзгілер тізімінен таңдауға қолжетімді болмайды.
Бірдеңе дұрыс болмаса
Жағдай |
Ne істеу керек |
Батырма белсенді емес |
Міндетті Кезең сүзгісін таңдаңыз |
Мектеп әкімшілері үшін
Есепті қалай қалыптастыруға болады
1.Бөлімді ашыңыз— Есептілік → Білім сапасы / Үлгерім бойынша есеп

2.Есеп бөлінісін таңдаңыз

Пәндер бойынша — әр пән бойынша деректер.

Параллельдер бойынша — параллельдер мен сыныптар бойынша деректер.
3.Негізгі сүзгілерді баптаңыз:
Кезең — міндетті өріс.
Деректерді біріктіру — параллель топ бойынша, параллельдер бойынша немесе сыныптар бойынша.
Оқыту тілі, Оқыту профилі, Оқушылардың жынысы — қажет болса толтырыңыз.
4.«Excel-ге есепті шығару» батырмасын басыңыз— файл автоматты түрде жүктеледі
Есеп нені көрсетеді
Таңдалған бөлініске байланысты есеп мектебіңіз бойынша келесі деректерді қамтиды:
• Пәндер бойынша — параллельдер мен сыныптар бойынша әр пәннің білім сапасы мен үлгерімі.
• Параллельдер бойынша — пәндер бойынша бөлінбей, параллельдер мен сыныптардың жиынтық үлгерім көрсеткіштері.
Excel файлында: оқушылардың жалпы саны, үздіктер, жақсы оқушылар, үлгерімді, үлгерімсіз, аттестацияланбаған, білім сапасы % және үлгерім % көрсетіледі.