Үлгерім кестесі жайлы жалпы ақпарат
Пән бойынша үлгерім кестесі оқу кезеңдерінің (тоқсан, жарты жылдық, жылдық) нәтижелері бойынша бір немесе бірнеше параллельдің немесе сыныптың белгілі бір пән бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасын талдауға мүмкіндік береді.
*Таңдалған оқу кезеңі үшін белгілі бір пәннің қорытынды бағалары сыныпқа толықтай қойылғаннан кейін ғана Пән бойынша үлгерім кестесі автоматты түрде толтырылады.
Пән бойынша үлгерім кестесін кестесін құру
Пән бойынша үлгерім кестесін кестесін құру үшін жоғарғы блокта келесі ақпаратты көрсету қажет.
- оқу жылы;
- оқу кезеңі;
- керекті пән;
- керекті параллельді. Керектіні таңдау үшін жазудың үстінен басыңыз;
Таңдалған пән бойынша бүкіл облыс бойынша үлгерім туралы ақпарат барлық аудандар бөлінісінде автоматты түрде көрсетіледі.
«Іс-әрекет» батырмасын басыңыз.
Ауданның барлық мектептері бойынша ақпарат көрсетілетін бет ашылады.
Одан кейін қажетті мектеп жолындағы «Іс-әрекет» батырмасын басып, осы мектептегі таңдалған пән және нақты сынып бойынша үлгерімнің толық ақпаратын қараңыз.
Сіз нақты сыныпты, бір параллель бойынша барлық сыныптарды немесе «Барлығын таңдау» батырмасын басу арқылы мектептің барлық сыныптарын таңдай аласыз.
Одан кейін «Журнал» бағанындағы батырманы басып, нақты сыныптың журналына өте аласыз.
Пән бойынша үлгерім кестесі
Пән бойынша үлгерім кестесінің үстінде келесі 3 ақпараттық жол бар:
- оқу жылы;
- кезең;
- облыс;
- аудан;
- оқу орны;
- пән.
Кестенің екінші бөлімі келесі ақпараттан тұрады:
- сыныптар;
- оқушылар саны;
- үлгерім:
Үздік - пән бойынша қорытынды бағасы “5” болған оқушылар;
Жақсы - пән бойынша қорытынды бағасы “4” болған оқушылар;
Қанағаттандырарлық - пән бойынша қорытынды бағасы “3” болған оқушылар;
Қанағаттандырарлық емес - пән бойынша қорытынды бағасы “2” болған оқушылар;
Есептелінді - пән бойынша “Есептелінді ” бағасын алған оқушылар;
Есептелінген жоқ - пән бойынша “Есептелінген жоқ” бағасын алған оқушылар;
Босатылған - белгілі бір себеппен сабақтан босатылған оқушылар;
Таңдалмады - белгілі бір себеппен бұл сабақты таңдамаған оқушылар;
Аттестатталған жоқ - белгілі бір себеппен аттестатталмаған оқушылар.
Уақытша аттестатталған жоқ - белгілі бір себеппен уақытша аттестатталмаған оқушылар.
Ескерту! Бұл бағалардың, не үлгерім категорияларының астында жазылатын сандар, сол бағаны алған оқушылардың саны.

- орташа балл
Есептелу жолы: Сыныптағы оқушылардың қорытынды бағаларының қосындысы / оқушылардың саны = орташа балл;
- үлгерім сапасы
Есептелу жолы: ((оқу озаттарының саны + екпінділер саны+үлгерушілер саны+аттестатталмағандар саны) / жалпы оқушылар саны)*100% = үлгерім сапасы;
- білім сапасы
Есептелу жолы: (“5” бағасын алғандар саны + “4” бағасын алғандар саны) / жалпы оқушылар саны)*100% = білім сапасы;
- журнал
Журнал бағанындағы көрсеткіш, сізді сол қатардағы сыныптың журналына өткізеді.
Журнал бетіне өту арқылы сіз, таңдаған сыныптағы оқушылардың әр сабақ сайын қойылған бағаларымен таныса аласыз.






