KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Әкімшіге арналған нұсқаулық

Соңғы өзгерістер: 30.03.2026

ЖҮЙЕГЕ КІРУ

  1. Мекенжай жолағына ai.bilimclass.kz деп теріп, авторизация бетіне өтіңіз
  2. Логин мен құпия сөзді енгізіңіз
  3. «Кіру» батырмасын басыңыз

bdf83b84697b6ad0b569b973f51701c1.png

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚОСУ

Қызметкерге аккаунт құру үшін «Педагогтарды басқару» бөліміне өтіңіз

888ccf060abb511ba42b090918226b21.png

«Қызметкерді қосу» батырмасын басыңыз

7924f4e89a86f606893664db50027de9.png

Ұйымыңыздың қызметкері туралы мәліметтерді толтырып, жайылмалы тізімнен тиісті рөлді таңдаңыз

543bf01045bd7fb4a6b1859acc334c5e.png

Сондай-ақ қызметкерлерді жаппай импорттауға болады, ол үшін «Мұғалімдерді импорттау» батырмасын басып, содан кейін «Excel-де жүктеу» батырмасын басыңыз

fc9532fa01359b2c3b4fee79396c5191.png

Берілген кесте формасына қосылатын қызметкерлердің деректерін толтырыңыз

1574df6d7fed206f8ca7aaaf4d4f1ca6.png

Содан кейін осы файлды жүктеңіз: «Файл қосу» батырмасын басып, файлды таңдаңыз да, «Сақтау» батырмасы басыңыз. 

1bca35bccc68e9335bccd17559c4dee1.png

Тізімнен қызметкерлердің қосылғанын көруге болады.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЛОГИН/ПАРОЛЬ ТАПСЫРУ

Қызметкерлерге логин мен пароль беру үшін: 

«Excel-де жүктеу» батырмасын басыңыз

fd2b61eb5de8f7ec9f436eee5bf35864.png


Қызметкерлердің логиндері мен парольдерін алу үшін жүктелген құжатты ашыңыз. Маңызды ақпарат: логин мен парольді әр қызметкерге жеке-жеке тапсырыңыз!

Мақала сізге көмек болды ма?