«Мұғалімдер рейтингі» қойындысы
«Мұғалімдер рейтингі» қойындысы педагогтардың жұмыс нәтижелерін білім сапасы мен үлгерім пайызы бойынша салыстыруға мүмкіндік береді.
Мұнда таңдалған тоқсан үшін жекелеген пәндер бойынша, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің жалпы рейтингі бойынша нәтижелерді көруге болады.
«Мұғалімдер рейтингі» қойындысын қалай ашуға болады?
Сол жақ мәзірден өтіңіз → Аналитика → Білім сапасы → Мұғалімдер рейтингі
Пәндер бойынша сүзгі
Беттің жоғарғы сол жоқ бөлігінде «Пән» сүзгісі орналасқан.
Тізімнен қажетті пәнді таңдаңыз — жүйе рейтингті тек сол пән бойынша көрсетеді.
Мысалы: егер «Жаратылыстану» пәнін таңдасаңыз, жүйе осы пәнді оқытқан барлық мұғалімдердің тізімін және олардың көрсеткіштерін көрсетеді.
Егер нақты пән таңдалмаса, жүйе мектеп мұғалімдерінің жалпы рейтингін (барлық пәндер бойынша) көрсетеді.
Рейтингті көрсету режимдері
Рейтингті екі режимде көруге болады:
- Білім сапасы — мұғалімдер білім сапасы көрсеткіші бойынша өсу ретімен орналасады (ең төменгі пайыз жоғарыда көрсетіледі).
- Үлгерім пайызы — мұғалімдер жалпы үлгерім пайызы бойынша реттеледі.
Мұғалімдер көрсеткіштері бойынша өсу ретімен сұрыпталады — бұл көрсеткіштері төмен педагогтарды бірден анықтауға мүмкіндік береді.
Рейтинг қалай есептеледі
Әр мұғалім үшін екі негізгі көрсеткіш есептеледі:
Білім сапасы, %
Мұғалімнің тоқсандық білім сапасы мына формула бойынша есептеледі:
(«5» пен «4» бағаларының саны) / (баға қойылған оқушылар саны) × 100%
Үлгерім пайызы, %
Мұғалімнің тоқсандық үлгерім пайызы мына формула бойынша есептеледі:
(«5», «4» және «3» бағаларының саны) / (баға қойылған оқушылар саны) × 100%
Ескерту
- Рейтингке тек таңдалған кезеңде сабақ берген мұғалімдер енгізіледі.
- Сүзгідегі пәндер алфавит ретімен көрсетіледі.
- Барлық деректер оқушылардың қорытынды бағалары өзгерген сайын автоматты түрде жаңартылады.