KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

"Аналитика" бөліміндегі «Білім сапасы» қойындысы

Соңғы өзгерістер: 21.10.2025

Жалпы ақпарат

«Аналитика» бөлімі мектеп бойынша негізгі көрсеткіштерді қарау және талдау үшін арналған: білім сапасы, үлгерім пайызы, оқушылар статистикасы және мұғалімдер рейтингі.
Бұл жерде параллельдер, пәндер, сыныптар және жекелеген педагогтар бойынша нәтижелерді көруге, сондай-ақ тоқсандар бойынша динамиканы бақылауға болады.

Бөлім төрт қойындылардан тұрады:

  1. Білім сапасы және үлгерімі
  2. Мұғалімдердің көрсеткіштері
  3. Оқушылар статистикасы
  4. Мұғалімдер рейтингі

Әр қойындыда қажетті ақпаратты тез табуға мүмкіндік беретін жеке сүзгілер мен интерактивті элементтер бар.

Пайдаланушы «Аналитика» бөлімін ашқанда, әдепкі бойынша бірінші қойынды — «Білім сапасы және үлгерімі» көрсетіледі.

Бұл қойынды екі ішкі қойындыдан тұрады:

  • Білім сапасы
  • Үлгерім пайызы

«Білім сапасы» қойындысы

Бұл қойындыда мектеп, параллель, пән және мұғалімдер бойынша «жақсы» және «өте жақсы» оқитын оқушылардың үлесі көрсетіледі.

«Білім сапасы» қойындысын қалай ашуға болады?

1. Сол жақ мәзірге өтіңіз → АналитикаБілім сапасы.

2. Әдепкі бойынша «Білім сапасы және үлгерім» қойындысы ашылады.

Негізгі сүзгілер

Бетте екі сүзгі бар:

1. Кезең бойынша сүзгі

Оқу кезеңін таңдау мүмкіндігін береді — деректер осы кезеңге сәйкес көрсетіледі.

2. Оқыту тілі бойынша сүзгі

Мектептегі оқыту тілдері бойынша деректерді сүзуге мүмкіндік береді.
Әдепкі бойынша «Барлығы» нұсқасы таңдалған.
Сондай-ақ белгілі бір тілді — мысалы, қазақ, орыс, ұйғыр және т.б. таңдауға болады.
Тілді таңдағаннан кейін беттегі деректер автоматты түрде жаңартылады.

«Білім сапасы» ішкі қойындысының құрылымы

Бұл қойынды үш аналитикалық блоктан тұрады:

1. Параллельдер бойынша білім сапасы

Бұл блокта әр параллель бойынша білім сапасының орташа пайызын көрсететін бағандық диаграмма беріледі.
Оның көмегімен қай параллельде ең жоғары немесе ең төмен нәтижелер бар екенін тез көруге болады.

Ескерту!
Белгілі бір параллельдің сыныптары бойынша көрсеткіштерді көру үшін литераны басуға болады.

  • Егер белгілі бір параллель таңдалса — беттегі деректер жаңартылады:
    • Таңдалған параллельдің сыныптары көрсетіледі.
    • Қалған блоктар (мұғалімдер мен пәндер) тек сол параллельге қатысты деректерді көрсетеді.

Есептеу формуласы:

Білім сапасы (%) = ((«Өте жақсы» + «Жақсы» оқушылар саны) / Оқушылардың жалпы саны) × 100%

2. Мұғалімдердің білім сапасы

Бұл блокта мұғалімдердің тізімі, олардың пәндері, сыныптары және әр пән бойынша білім сапасының пайызы көрсетіледі.

Әр жолда келесі ақпарат беріледі:

  • Мұғалімнің аты-жөні.
  • Пәні
  • Сыныбы немесе тобы
  • Білім сапасының пайызы

Блоктың жұмыс істеу тәртібі:

  • Егер «Параллельдер бойынша білім сапасы (%)» блогында белгілі бір параллель немесе литера таңдалса — тек сол сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер көрсетіледі.
  • Егер «Пәндер бойынша білім сапасы (%)» блогында пән таңдалса — тек сол пәнді жүргізетін мұғалімдер көрсетіледі.
  • Барлық деректер белсенді (кликабельді).

Мұғалімнің аты-жөні жазылған жолды басқанда, сол мұғалімнің оқушыларының көрсеткіштері бар терезе ашылады.

«Мұғалімнің оқушыларының көрсеткіштері» терезесі

Мұғалімнің аты-жөнін басқанда, егжей-тегжейлі статистикасы бар жеке терезе ашылады.

Терезе үш бөлімнен тұрады:

1. Жалпы деректер

  • Мұғалімнің аты-жөні
  • Пәннің атауы
  • Сынып
  • Құрамы: бүкіл сынып немесе нақты топ
  • Таңдалған кезең бойынша пәннен қорытынды баға алған оқушылар саны

2. Сынып бойынша бағалар статистикасы

Бұл бөлімде бағалар санаттары бойынша оқушылар саны көрсетіледі:

  • Өте жақсы (5)
  • Жақсы (4)
  • Қанағаттанарлық (3)
  • Қанағаттанарлықсыз (2)
  • Аттестациядан өтпеген
  • Уақытша аттестатталмаған
  • Босатылған
  • Пәнді таңдамаған

3. Оқушылар тізімі

Бұл бөлімде барлық оқушылардың тоқсандық бағалары бар тізім көрсетіледі.
Пішімі: Тегі Аты Әкесінің аты — баға.

Ескерту!
Егер сыныпта топтар болса, бұл терезеде әр топ бойынша көрсеткіштерді бөлек көруге болады.

Есептеу формулалары:

  • Сынып бойынша: ((«Өте жақсы» + «Жақсы» оқушылар саны) / Сыныптағы оқушылар саны) × 100%
  • Топша бойынша: ((«Өте жақсы» + «Жақсы» оқушылар саны) / Топшадағы оқушылар саны) × 100%

3. Пәндер бойынша білім сапасы

Бұл бөлімде әр пән бойынша білім сапасының пайызын көрсететін диаграмма бейнеленеді.

Қай пәндер ең жоғары және ең төмен нәтижелер беретінін көруге болады.

Блоктың жұмыс істеу тәртібі:

  • Әдепкі бойынша бүкіл мектеп бойынша деректер көрсетіледі.
  • Егер параллель немесе литера таңдалса — тек сол сыныптарда оқытылатын пәндер бойынша мәліметтер көрсетіледі.

Есептеу формуласы:

Пәннің білім сапасы (%) = ((«Өте жақсы» + «Жақсы» оқушылар саны) / Баға алған оқушылар саны) × 100%

Ескерту!
Барлық блок элементтері интерактивті — параллельдерге, мұғалімдерге немесе пәндерге басу арқылы сүзгілеуге немесе егжей-тегжейлі деректерге өтуге болады.

«Үлгерім пайызы» ішкі қойындысы

Бұл ішкі қойынды «Білім сапасы» сияқты жұмыс істейді, бірақ мұнда жалпы үлгерім пайызы көрсетіледі.

Қойынды келесі үш блоктан тұрады:

  1. Параллельдер бойынша үлгерім
  2. Мұғалімдердің үлгерімі
  3. Пәндер бойынша үлгерім

Есептеу формуласы:

Үлгерім (%) = ((«Өте жақсы» + «Жақсы» + «Үлгерушілер») / Оқушылардың жалпы саны) × 100%

Барлық сүзгілер мен басылатын  интерактивті элементтер «Білім сапасы» қойындысындағыдай жұмыс істейді.

Мақала сізге көмек болды ма?