KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Activ және BilimClass акциясына қалай қатысуға болады

Соңғы өзгерістер: 06.10.2025

Кім қатыса алады?

  • Тек 2-сыныпта немесе жоғары оқитын оқушылар.
  • Қатысушының ең төменгі жасы — 14.
  • Оқушыда ЖСН болуы қажет.
  • Акция тек Activ абоненттеріне қолжетімді.

Акция не береді?

  • Ай сайын бонус Имбакстар (1 Имбакс = 1 ₸)
    • BilimClass-тағы үздік бағалар үшін — 1500 И-ге дейін
    • Абоненттік төлемді өтеу үшін — 1000 И-ге дейін
  • Бонустарды қайдажұмсауға болады:
    • ойын валютасы (Roblox, Steam, PUBG, Free Fire және т.б.)
    • автобусқа жолақысы
    • кинотеатрлар мен сертификаттар

Акцияға қалай қосылуға болады

1. BilimClass платформасына өз аккаунтыңыз арқылы кіріңіз.

  • Акцияға қосылу өтінішін тек авторизациядан өткен оқушы ғана жібере алады

2. bilimclass.kz/promo/imba сілтемесіне өтіңіз

3. Жеке деректерді өңдеуге келісім белгісін қойып, Activ нөміріңізді тиісті жолға енгізіңіз.

4. «Қатысу» батырмасын басыңыз.

5. SMS арқылы код келеді. Оны растаңыз.

Жүйе нөмірді тексереді:

  • Егер нөмір сәйкес болса — сіз акцияға сәтті қосыласыз.
  • Егер нөмір басқа операторға тиесілі болса — Activ-ке өту сілтемесі шығады.
  • Егер қате шықса — кейінірек қайталап көріңіз.

6. Сәтті қосылған жағдайда хабарлама шығады:

«Құттықтаймыз! Сіз нөміріңізді бағдарламаға сәтті қостыңыз».

Егер оқушының жасы 14-тен кіші болса:

1. BilimClass платформасына кіріңіз.

2. Келесі сілтемеге өтіңіз: bilimclass.kz/promo/imba

3. Оқушының Activ нөмірін енгізіп, «Қатысу» батырмасын басыңыз.

Одан кейін:

  • Егер оқушының аккаунты ата-анамен байланыстырылмаған болса — жүйе ата-ананың аккаунтын құру қажеттігі туралы хабарлама көрсетеді.
  • Егер ата-ананың аккаунты бар болса — оқушыға келесі хабарлама шығады:
    «Ата-ананың растауы қажет».

4. Оқушы қай ата-анасына SMS жіберілетінін таңдайды.

5. Таңдалған ата-анаға растау сілтемесі бар SMS хабарлама келеді.

Ата-ананың сілтемесінде:

  • Егер сілтеме 7 күннен ескі болса → келесі хабарлама көрсетіледі:
    «Сілтеменің мерзімі өтіп кетті, балаңыздан процесті қайта бастауын сұраңыз».
  • Ата-ана шарттармен келісу үшін құсбелгіні қояды.
  • Растаудан кейін оқушының нөмірі жүйеге жіберіледі.

Егер бәрі сәтті өтсе:

  • Ата-анаға келесі хабарлама көрсетіледі:
    «Нөмір сәтті тіркелді. Бала акцияға қатысуда».

Егер сіз қазірдің өзінде акцияға қатысып жүрсеңіз

  • Парақшада мынадай хабарлама көрсетіледі:
    «Құттықтаймыз! Cіз нөміріңізді бағдарламаға сәтті қостыңыз»
  • Төменде «Телефон нөмірін ауыстыру» батырмасы қолжетімді
  • Нөмірді ауыстырғаннан кейін SMS арқылы растау процесі қайтадан қайталанады.

Мақала сізге көмек болды ма?