Маңызды!
BilimClass-та енді тек критериалды (10 балдық) емес, сонымен қатар классикалық (5 балдық) бағалау жүйесімен де жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болды. Бұл опция тек «Классикалық журналға қолжетімділік» берілген мектептерге ғана қолжетімді.
Осы қолжетімділікті алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласу қажет.
Қолдау қызметі дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін хабарламаларды қабылдайды. Мемлекеттік мереке күндері қолдау қызметі жұмыс істемейді.
Байланыс:
Телефон: 8 (707) 944 95 94
Сондай-ақ, бізге What’s App және Telegram арқылы жаза аласыз.
Пән қосқанда журнал түрін қалай таңдау керек
1. Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Оқу бағдарламалары (немесе Қосымша білім беру) бөліміне өтіңіз.

2. Қажетті сыныпты таңдап, «Пән қосу» батырмасын басыңыз.


3. Баптауларда «Журнал түрі» деген өріс пайда болады, онда екі нұсқа бар:
- Критериалды журнал (10 балдық жүйе) — әдепкі бойынша таңдалады.
- Классикалық журнал (5 балдық жүйе).

4. Қажетті нұсқаны таңдап, «Қосу» батырмасын басыңыз.
Ескерту! Журнал түрін сақтағаннан кейін оны өзгертуге болмайды.
Сондықтан пәнді құру кезінде мұқият болыңыз және бірден дұрыс журнал түрін таңдаңыз.
Классикалық (5 балдық) журнал қалай жұмыс істейді

- Сабақтарға баға қойғанда (БЖБ/ТЖБ-дан басқа) 1-ден 5-ке дейінгі өлшем қолданылады.
- Түстік белгілеу ерекшеленеді:
- 5 — жасыл
- 1 — қызыл
- %ФБ+БЖБ, %ТЖБ, %Сома бағандары көрсетілмейді.
- Ұсынылатын баға барлық қойылған бағалардың арифметикалық ортасы ретінде есептеледі.
- Мысалы: (5+3+4+5)/4 = 4.25 → 4.
- Егер орташа балл = 1 болса, қорытынды бағасында сызықша қойылады (қорытындыда «1» бағасы болмайды).
- Ақпарат иконкасына меңзерді апарғанда мына түсіндірме көрсетіледі:
«Ұсынылатын баға бар бесбалдық бағалардың орташа мәні ретінде есептеледі. Егер БЖБ/ТЖБ қолданылса, қорытынды бағаны қолмен қою қажет».
⚠️ Қорытынды бағалау түрі «Емтихан/Емтихан жоқ» немесе «Бағалау жоқ» болып тұрған пәндерде ұсынылатын баға көрсетілмейді.
Критериалды (10 балдық) журнал қалай жұмыс істейді
- Барлық функциялар бұрынғыдай сақталды.
- Бағалау өлшемі — 1-ден 10-ға дейін.
- БЖБ/ТЖБ, қорытынды және ұсынылатын бағалар бұрынғы ережелер бойынша қолжетімді.