1. Бөлімге өту
1. Сол жақ мәзірден «Есептілік» модулін ашыңыз.
2. «Мұрағаттық құжаттар» бөлімін таңдаңыз.
2. Параметрлерді толтыру
1. «Файлды қосу» батырмасын басыңыз.
2. Ашылған терезеде келесі параметрлерді толтырыңыз (міндетті емес, бірақ іздеуді жеңілдетеді):
- Параллель (мысалы, 10, 11).
- Литера (мысалы, А, Б).
- Пән атауы (іздеу кезінде әріп регистрін ескеріңіз).
- Құжат түрі (қолжетімділердің бірін таңдаңыз; егер қажетті түрі болмаса — қолдау қызметіне жүгініңіз).
- Оқу жылы (2012–2025 жылдар аралығында қолжетімді; егер басқа жыл қажет болса — қолдау қызметіне жүгініңіз).
- Түсінідірме (іздеуді жеңілдету үшін).
3. «Файлдарды жүктеуге өтіңіз» батырмасын басыңыз.
3. Файлдарды жүктеу
1. Екінші қадамда файлдарды жүктеңіз:
- Қолдау көрсетілетін форматтар: .xlsx, .xls, .pdf.
- Максимум: бір уақытта 10 файл, әрқайсысы 30 МБ-тан аспауы тиіс.
2. Файлдарды жүктеу үшін:
- Оларды жүктеу аймағына сүйреп апарыңыз немесе бұлт белгішесін басып, керекті файлдарды таңдаңыз.
3. Жүктеу сәтті аяқталғанын білдіретін жасыл белгі (✔) шыққанын күтіңіз.
4. «Жабу» батырмасын басыңыз.
4. Құжаттарды қарау және сүзгілеу
Жүктегеннен кейін құжаттарды іздеу үшін сүзгілерді мына параметрлер бойынша қолдана аласыз:
- Оқу жылы
- Құжат түрі
- Параллель
- Әріп
- Пән атауы (әріп регистрін ескеріңіз)
- Файл атауы
- Пікір/түсініктеме
5. Файлдарды басқару
1. Өңдеу — қажетті файлдың қасында «Өңдеу» белгішесін басыңыз; файл қосу кезіндегідей терезе ашылады; өзгертулер енгізіп, оларды сақтаңыз.
2. Жүктеп алу — қажетті файлдың қасында «Жүктеу» батырмасын басыңыз.
3. Жою — қажетті файлдың қасында «Өңдеу» батырмасын басып → «Файлды жою» → жоюды растау.