Егер тестілеу күні көзделмеген болса, бұл мектеп әкімшілігі тарапынан тестілеуге сұраныс жіберілмегенін немесе жіберілген сұраныстың әлі қабылданбағанын білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда «Тестілеу қолжетімсіз (күн белгіленбеген)» деген хабарлама көрсетіледі
Егер тестілеу күні мен уақыты келіп тұрса, бірақ «Тестілеуді бастау» батырмасы белсенді болмаса — тестілеу күні мен уақытының астындағы жазбаға назар аударыңыз. Оқушы тестілеуден өтіп қойған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда «Тестілеуден өттіңіз» деген хабарлама көрсетіледі.
Егер тестілеу күні белгіленген болса, бірақ «Тестілеуді бастау» батырмасы белсенді болмаса — тестілеу уақытына назар аударыңыз. Тест тек нақты көрсетілген күні мен уақытында қолжетімді болады. Мұндай жағдайда «Көрсетілген кезеңде тестілеуден өте аласыз» деген хабарлама көрсетіледі.