KAZ
  • KAZ
  • RUS

Сертификат

Соңғы өзгерістер: 02.06.2025

Курс бойынша қорытынды тестілеуді сәтті аяқтағаннан кейін сізге сертификат беріледі. Сертификатты алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Тестілеу аяқталғаннан кейін экранда қорытынды тестті сәтті тапсырғаныңыз туралы хабарлама пайда болады. Сертификатты алу және курсқа оралу үшін «Курсқа өту» батырмасын басыңыз.


2. Курс мазмұнының жоғарғы бөлігінде «Сертификатты жүктеу» батырмасын тауып алыңыз. Оны басқаннан кейін сіз «Сертификаттар» бөліміне өтесіз. Жүйенің сертификатты генерациялауын бірнеше минут күтіңіз.


3. «Сертификаттар» бөлімінде BilimUstaz платформасында оқу барысында алған барлық сертификаттарыңыз сақталады. Жаңа сертификаттарды көру үшін бетті жаңарту ұсынылады.




4. Құрылғыңызға сертификатты жүктеп алу үшін, өзіңізге қажет сертификатты таңдап, оң жақтағы көк түймені басыңыз.




5. Жүктегеннен кейін сертификат пен сертификаттың қосымша сіздің құрылғыңызда PDF форматында қолжетімді болады.




6. Сертификатыңыздың сілтемесімен бөлісу үшін, оң жақтағы жасыл батырманы басыңыз. Сілтеме автоматты түрде көшіріледі.

Егер қандай да бір себептермен қорытынды тестілеуді кейінірек тапсыруды қаласаңыз, оны сол жақтағы мәзірдегі «Қорытынды тестілеу» бөлімінде кез келген уақытта тест тапсыра аласыз. Ол үшін тізімнен сәтті аяқтаған курсыңызды таңдап, «Тестілеуді бастау» батырмасын басыңыз. Сондай-ақ, осы бөлімде «Сертификатты жүктеу» батырмасын басу арқылы сертификатты ала аласыз.


Сіз алған барлық сертификаттар жоғарғы оң жақта орналасқан «Сертификаттар» бөлімінде қолжетімді. Мұнда сіз өзіңіздің сертификаттарыңызды кез-келген ыңғайлы уақытта көре аласыз және жүктей аласыз.

Егер «Сертификатты жүктеу» түймесін басқаннан кейін жүйе сертификатты бермесе, сізге профиліңізді толтыру қажет. Профильді толтырғаннан кейін сертификатты жүктеу мүмкіндігі пайда болады.

Профильді толтыру үшін сол жақ мәзірдегі «Профиль» бөліміне өтіңіз.


Мақала сізге көмек болды ма?