KAZ
  • KAZ
  • RUS

Оқу қалай өтеді?

Соңғы өзгерістер: 02.06.2025

BilimUstaz платформасында оқу кестеге тәуелді емес, өзіңізге қолайлы уақытта асинхронды форматта өтеді. Курс барысында материалдармен танысып, тапсырмалар мен тәжірибелік жұмыстарды орындайсыз.

Курсты сәтті аяқтау үшін келесі қадамдарды басшылыққа алыңыз:

  1. Практикалық тапсырмаларды орындау кезінде «Тексеру» батырмасын пайдаланып жауаптарыңызды тексеріңіз.


2. Келесі бетке өту үшін «Алға» батырмасын немесе сабақтың шетіндегі мәзірді пайдаланыңыз.


3. Әр сабақтың ішіндегі «Мұғалімнің жазбалары» бөлімінде жүктеп алуға арналған оқу материалдары және қосымша ақпараттарға сілтемелер берілген.

4. «Сабақтың қорытындысы» бөлімінде сіздің оқу нәтижеңіз көрсетіледі. Егер нәтиже қанағаттанарлықсыз болса, «Сабақты қайта өту» батырмасын басу арқылы сабақты қайта өтуге болады. Әр сабаққа үш мүмкіндік берілген, және күніне үш реттен артық өтуге болмайды.


5. Курстың басты бетінде сабақтар жасыл түспен (орындалған) немесе қызыл түспен (орындалмаған) белгіленеді.

6. Барлық сабақтарды сәтті аяқтаған болсаңыз, «Тест тапсыру» батырмасын басу мүмкіндігі пайда болады.


7. Қорытынды тестілеуге кіріспес бұрын, тестілеу уақытымен, сұрақтар саны және өту үшін қажетті ең төменгі пайызбен танысыңыз. Тестілеуді бастау үшін «Тестілеуді бастау» батырмасын басыңыз.

8. Тестілеуге шектеулі уақыт берілген, сондықтан сол уақыт аралығында аяқтауға тырысыңыз. Сұрақтарға ретімен жауап беруге немесе оларды өткізіп, кейін қайта оралуға болады.


9. Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін «Аяқтау» батырмасын басыңыз. Қалқымалы терезеде тестілеуді аяқтауды растау үшін «Аяқтау» батырмасын қайта басыңыз.

Тестілеуді сәтті аяқтағаннан кейін сізге сертификат беріледі. Сертификатты жеке кабинетке өтіп,  сертификаттар бөлімінен жүктеп ала аласыз.

Мақала сізге көмек болды ма?