1. Егер сіз бұрын Bilimland-тің басқа платформаларында тіркелген болсаңыз (bilimland.kz, onlinemektep.org, itest.kz, imektep.kz, bilimclass.kz, bilimkids.kz, kitap.kz) онда https://bilimustaz.kz/ сайтына өтіп, "Кіру" батырмасын басыңыз.

1.1.Логин/құпиясөз енгізіп, төмендегі "Кіру" түймесін басыңыз.

2. Егер жаңадан қосылған қолданушы болсаңыз, онда тіркелу керек. Ол үшін https://bilimustaz.kz/ сайтына өтіп, "Тіркелу" батырмасын басыңыз.

2.1 Телефон нөміріңізді енгізіп, пайдаланушы келісімін қабылдайтыныңызға құсбелгі қойыңыз, "Жіберу" түймесін басыңыз.
Пайдаланушы келісімімен осы сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз: https://bilimland.kz/kk/agreement

2.2 Көрсетілген нөмірге келген хабарламадағы кодты енгізіңіз.

2.3 Жаңа құпиясөз құрастырыңыз және растаңыз.

2.4 Бос ұяшықтарды толтырып, "Жіберу" батырмасын басыңыз.

- Келесі кезекте сізге курстар каталогы ашылады. "Толығырақ" батырмасын басу арқылы курс бойынша толық ақпарата ала аласыз.
