KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Сынып табельдерін жаппай қалыптастыру

Соңғы өзгерістер: 24.07.2026

Жүйеде табельдерді жаппай қалыптастыру мүмкіндігі бар. Бұл функция бүкіл сыныпқа табельдерді бірден, ортақ деректерді алдын ала енгізу арқылы қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қалай жұмыс істейді:

1. «Табельдер» бөліміне өтіп, қажетті сыныпты таңдаңыз.

544acbc8157e6c240f11150a4911a650.png

2. Қалыптастырылатын табель түрін таңдаңыз:

  • Оқу жылының табелі

  • Осы сынып аясындағы табель

c88d882c46add564da376daf83ea22b0.png

3. «Барлығына қалыптастыру» батырмасын басыңыз.

28f9c09c4800b7d45eea1fc83008520c.png

4. Ашылған модальді терезеде келесі деректерді еңгізіңіз:

  • Табельді жүктеу тілі (қазақша/орысша)

  • Табель нөмірі

  • Пед. кеңестің шешімі

  • Тәртібі

Бұл деректерді әр оқушы үшін жеке өңдеуге болады.

8f91d5595925e95c3936f2f98e22a8b4.png

Егер барлық оқушыларға бірдей мәндерді қолданғыңыз келсе, «Барлық сынып үшін қолдану» батырмасын басыңыз.

5. «Құру» батырмасын басыңыз.

9ca761494f0b727fd171bef4283fb5a1.png

Таңдалған оқушылар үшін табельдерді қалыптастыру сұранысы жіберіледі.

6. Модальді терезе жабылып, сіз сыныптың “Табельдер” парақшасына қайта ораласыз.

Табельдері қалыптастырылып жатқан оқушылардың жанында «Қалыптастырылуда» деген мәртебе көрсетіледі.

f106236950a6ac6df3dc7bbe2d0d6d7b.png

7. «Жаңарту» батырмасын басу арқылы табельдің өзекті мәртебесін көре аласыз.

fb4a37468fd1e7721a1bb0fd16547f92.png

8. Барлық қалыптасқан табельдерді жүктеу үшін «Қалыптастырылған барлық табельдерді жүктеп алу» батырмасын басыңыз.

abca3eae9810ceef15470dcfb23ad780.png

Ашылған модальді терезеде табельдердің статустары және әр статусқа сәйкес табель саны көрсетіледі.

Содан кейін «Қалыптастырылғандарды жүктеу» батырмасын басыңыз — барлық дайын табельдер автоматты түрде жүктеледі.

4ef9e9eea4bd966a747e51129ad42a20.png

Мақала сізге көмек болды ма?