KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Мектептің байланыс деректерін толтыру

Соңғы өзгерістер: 06.12.2024

Неге бұл маңызды?

Мектептің байланыс деректерін толтыру арқылы:

  1. Платформада мектептер арасындағы байланысты жеңілдетуге болады.

  2. Әртүрлі аймақтардағы оқу орындарының қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.

  3. Мәселелерді тез шешуге көмектеседі, мысалы, мектеп оқушыны қоса алмаған жағдайда, себебі оның бұрынғы мектебі BilimClass жүйесінде шығуды рәсімдемеген.

Мектептің байланыс деректерін қалай толтыруға болады?

1. Әкімші құқықтары бар аккаунтты пайдаланып BilimClass жүйесіне кіріңіз.

2. "Мектепті басқару" модулі арқылы "Мектеп баптаулары" бөліміне өтіңіз.

3. "Байланыс деректері" парақшасына өтіңіз.

Парақшада ақпаратты енгізуге арналған үш өріс қолжетімді:

  • Мектептің телефон нөмірі
    Жалпы мектеп нөмірін енгізіңіз.

  • BilimClass үшін жауапты тұлғаның аты-жөні
    Жауапты тұлғаның байланыс деректерін көрсетіңіз.

  • BilimClass үшін жауапты тұлғаның телефон нөмірі
    BilimClass платформасына жауапты тұлғаның байланыс үшін ұялы нөмірің көрсетіңіз.

Деректерді өңдеу

1. Деректерді өзгерту үшін "Түзету" батырмасын басыңыз.

2. Қажетті өрістердегі ақпаратты жаңартыңыз.

3. Өзгерістерді растау үшін "Сақтау" батырмасын басыңыз.

Барлық өрістерді толтыру міндетті.

Байланыс деректері қалай көрсетіледі?

Оқушыны алфавиттік кітапқа қосқан кезде ол басқа мектепте тіркелген болса, парақшада келесі ақпарат көрсетілетін болады:

  • Аймақ, аудан, мектептің атауы.

  • Мектептің телефон нөмірі.

  • BilimClass үшін жауапты тұлғаның аты-жөні және оның байланыс нөмірі.

Байланыс деректерінің мысалы:

Оқушы басқа мектепте тіркелген:

Қызметтік аймақ: Алматы облысы

Қызметтік аудан: Талғар ауданы

Мектеп: "Smart Nation"

Мектептің телефон нөмірі: +7 (727) 566-77-66

BilimClass үшін жауапты тұлға: Қайрат Әлімұлы Оспанов, +7 (747) 423-67-88

Маңызды!

  1. Барлық байланыс деректерін толтыру міндетті.

  2. Деректерді кез келген уақытта "Мектеп баптаулары" бөлімі арқылы өңдеуге болады.


Мақала сізге көмек болды ма?