KAZ
  • KAZ
  • RUS

БЖБ/ТЖБ мониторингі

Соңғы өзгерістер: 26.03.2025

Бұл бөлім мектептегі БЖБ және ТЖБ өткізу нормаларының сақталуын бақылауға арналған. Әкімшілер (директор, оқу ісі меңгерушісі) оны мұғалімдермен бірге сәйкессіздіктерді анықтап, түзету үшін пайдалана алады.

Мектеп бойынша деректерді көру

Сол жақ басқару тақтасы → Мониторинг → БЖБ/ТЖБ Мониторингі.

Басты бетте бөлімнің негізгі ақпараты көрсетіледі.

Кесте келесі мәліметтерді қамтиды:

  • Параллель, сынып, оқу бағдарламасы.

  • Таңдалған кезеңдегі жалпы БЖБ және ТЖБ саны.

Сыныптар бойынша сәйкессіздіктер тізімі:

  • БЖБ/ТЖБ нормаларынан асқан пәндер.

  • Бір күнде 3-тен артық ТЖБ өткізілген күндер.

  • Тоқсанның соңғы күнінде өткізілген ТЖБ пәндері мен күндері.

  • БЖБ және ТЖБ бір күнде өткізілген пәндер мен күндері.

Келесі сүзгілерді таңдауға болады:

  • Кезең (тоқсан).

  • Параллель.

  • Литера.

Сәйкессіздік түрі:

  • БЖБ/ТЖБ нормасынан асып кеткендер.

  • Бір күнде 3-тен көп ТЖБ.

  • Тоқсанның соңғы күніндегі ТЖБ.

  • Бір күнде өткізілген БЖБ және ТЖБ.

Нақты сынып бойынша мәліметтерді қарау үшін керекті сыныпты таңдап Іс-әрекет батырмасы арқылы өтуге болады.

Сынып бойынша деректерді көру

Деректер блоктарында негізгі сәйкессіздіктер көрсетіледі:

  • БЖБ/ТЖБ нормасынан асып кеткендер — рұқсат етілген мөлшерден асқан пәндер тізімі.

  • БЖБ және ТЖБ бір күнде — осы жағдай болған күндер мен пәндер.

  • Бір күнде 3-тен көп ТЖБ — күндер мен пәндер тізімі.

  • Тоқсанның соңғы күніндегі ТЖБ — пәндер мен күндер.

Жалпы кесте келесі ақпаратты қамтиды:

  • Пәндер, топтар және бағалау кезеңінің тізімі.

  • БЖБ/ТЖБ саны мен күндері бұзушылықтармен белгіленеді.

  • Журнал мен КТЖ-ға өту батырмалары.

БЖБ/ТЖБ өткізу ережелері мен нормалары

БЖБ үшін:

  • Бір тоқсанда 3-тен артық БЖБ өткізілмейді.

  • Бір жартыжылдықта әр тоқсанда 2 БЖБ-дан артық өткізілмейді (барлығы 4 БЖБ-дан көп емес).

ТЖБ үшін:

  • Бір тоқсанда 1 ТЖБ қана өткізіледі.

  • ТЖБ жартыжылдықта өткізілмейді.

Жалпы шектеулер:

  • Бір пәннен БЖБ және ТЖБ бір күнде өткізілмейді.

  • ТЖБ тоқсанның соңғы күнінде өткізілмейді.

  • Бір күнде 3-тен көп ТЖБ өткізілмейді (әртүрлі пәндер бойынша).

Ерекше жағдай: егер пән топтарда жүргізілсе, тексеру әр топ үшін бөлек жүзеге асырылады.

Мысал:

  • 1 топ — ағылшын тілі пәнінен БЖБ

  • 2 топ — ағылшын тілі пәнінен ТЖБ

  • Екеуі де бір күнде өтсе → Сәйкессіздік болып саналмайды, себебі оқушылар әртүрлі.

Егер бір топта бір күнде бір пәннен БЖБ мен ТЖБ қатар өткізілсе → бұл — сәйкессіздік.

Ескерту! Егер пәннің топтары бар болса және ТЖБ бір күнде екі топ үшін де өткізілсе, онда мониторингте бұл ТЖБ екі бөлек емес, пән үшін бір жалпы ТЖБ ретінде көрсетіледі және есептеледі.

Мақала сізге көмек болды ма?