KAZ
  • RUS
  • KAZ

Қалай BilimUstaz-ға кіріп, “BilimClass жүйесіне кіріспе” курсын өтуге болады?

Соңғы өзгерістер: 16.08.2024


1. Келесі сілтеме арқылы https://bilimustaz.kz BilimUstaz cайтына өтіңіз.

Ескерту! BilimUstaz-ға кіру үшін сізде BilimClass жүйесінің логині мен құпиясөзі болуы қажет.


2. Логиніңіз бен құпиясөзіңізді көрсетіп, Кіру батырмасын басыңыз.


3. Сол жақтағы мәзірде Курстар батырмасын басыңыз.


4. Сіздің алдыңызда Курстар каталогы шығады.

5. Мұғалімдерге немесе әкімшілерге арналған "BilimClass жүйесіне кіріспе” курсын таңдаңыз. Сіз курсты өзіңізге ыңғайлы тілде өте аласыз (қазақша/орысша).

Ескерту! Егер сіз әкімші мен мұғалім қызметтерін атқарып жүрсеңіз, онда екі курсты да өтуге кеңес береміз.

6. Әрі қарай Толығырақ батырмасын басыңыз.

7. Курс сипаттамасының төменгі жағында Менің курстарыма қосу батырмасын басыңыз.

8. Көрсетілген тіл батырмасына басыңыз және Жалғастыру батырмасын басыңыз.

9.  Курс Менің курстарым бөліміне қосылады.

10. Курсты бастау батырмасын басыңыз.


Назар аударыңыз! Курсты аяқтағаннан кейін Сіз қорытынды тест тапсырып, курс өткеніңіз жайлы сертификат ала аласыз.

Курстан сәтті өтуіңізді тілейміз!

Ескерту! “Bilimclass жүйесіне кіріспе” курсынан бөлек басқа курстар немесе BilimUstaz.kz сайтындағы ақаулар бойынша WhatsApp нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз

+7 (707) 599 55 55


Мақала сізге көмек болды ма?