Емтихандарды өткізу бөлімі мектептің барлық сыныптарында емтихандарды қысқа мерзімде қойып шығуға көмектеседі. Сондай-ақ, бір беттен емтихандардың бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді.
Емтихандарды баптау орындалатын бет қайда орналасқан?
1. Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Оқу бағдарламалары → Баптаулар

2. Пәндерді параллель немесе оқу бағдарламасының түрі арқылы сүзуге болады

3. Тізімде таңдалған параллельдің оқу бағдарламасындағы бағалау түрі Қорытынды баға болып табылатын барлық пәндер көрсетіледі.
Ескерту! Параллельдегі бір сыныпта бағалау түрі Қорытынды баға болса, ал екінші сыныпта бағалау түрі Бағалау жоқ болса, сізде екінші сыныптың ұяшығында баға қоюға рұқсат бермейтін белгіше шығады.

Пәнге емтиханды қалай қосамыз?
1. Сіз емтиханды белгілі бір сыныптың бір пәніне қоса аласыз. Ол үшін сынып пен пәнді таңдап, тиісті ұяшыққа құсбелгі қойыңыз. Емтиханды өшіру үшін құсбелгіні алып тастау керек.

*Суретте біз 11В сыныбына ағылшын тілі пәнінен емтихан қостық.
2. Белгілі бір сыныптың барлық пәндеріне емтихан қоса аласыз. Ол үшін сізге қажет сыныптың жанындағы ұяшыққа құсбелгі қойыңыз. Сыныптың барлық пәндеріндегі емтихандарды өшіру үшін сол ұяшықтағы құсбелгіні алып тастаңыз.

*Суретте біз 11В сыныбының барлық пәндеріне емтихан қостық.
3. Параллельдегі барлық сыныптарға бір пән бойынша емтихан қоса аласыз. Ол үшін жоғарғы сүзгідегі параллельді тексеріп, керекті пәнді таңдап, сол жақтағы ұяшыққа құсбелгі қойыңыз.

*Суретте біз 11 параллельдегі барлық сыныптарға қазақ тілінен емтихан қостық.
4. Бүкіл параллельге барлық пәндер бойынша емтихан қоса аласыз. Мұны істеу үшін жоғарғы сүзгідегі таңдалған параллельді тексеріп, кестенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы ұяшықта құсбелгі қойыңыз.

*Суретте біз 11 параллельдегі барлық сыныптардың барлық пәндеріне емтихан қостық.
Ескерту! Оқу бағдарламасын құру немесе өзгерту кезінде емтихандарды баптау мүмкіндігі қолжетімді болып қалады. Емтихандарды өткізу бөліміндегі және оқу бағдарламасын құру/өзгерту бөліміндегі емтихан баптаулары өзара байланысты. Екі бөлімнің біреуінде емтиханды қосқан болсаңыз, екіншісінде оны қайталап қосудың қажеті жоқ.