KAZ
  • KAZ
  • RUS

Табельдік пәндерді баптау

Соңғы өзгерістер: 31.05.2024

Табельдік пәндерді баптау - пәндердің табельде дұрыс көрсетілуін тезірек реттеуге көмектесетін бөлім. 

Әкімші өз мектебінің барлық сыныптарының пәндерін реттей алады.

Сынып жетекшісі өз сыныбының пәндерін ғана реттей алады.



1. Сол жақ мәзір → Мектепті басқару → Оқушылар және сыныптар → Баптаулар


2. Параллель бойынша сүзу жасаңыз


3. Таңдаған параллельдің оқу бағдарламасындағы барлық пәндер осы кестеде көрінеді. Қажет болса, Жалпы оқу бағдарламаларын немесе Жеке оқу бағдарламаларын таңдауға болады.




Пәндерді баптау нұсқалары

Табельдегі пәннің көрсетілуін келесінше баптауға болады:

  • Негізгі пән (табельдің негізгі бөлігінде көрсетіледі);

  • Таңдау пәні (табельдің таңдау пәндері орналасатын бөлімінде көрсетіледі);

  • Табельде көрсетілмейді.


Әр көрсетілу күйінің өз белгісі бар:



Пәндердің көрсетілу күйлерін баптау

а) белгілі бір сыныптың 1 ғана пәніне. Ол үшін пән мен сыныпты таңдап, сәйкес ұяшықта өзіңізге керекті күйді таңдаңыз. 

*Суретте біз қазақ тілін 10А рус сыныбына таңдау пәні ретінде белгілеп жатырмыз.


b) бүкіл параллельдің 1 пәніне. Керекті пәнді таңдап, ең бірінші бағанда керек күйді таңдаңыз. 

*Суретте біз 10 параллельдің қазақ тілі пәніне "табельде көрсетілмейді" күйін белгілеп жатырмыз.


с) белгілі бір сыныптың барлық пәндеріне. Керекті сыныпты таңдап, дәл жазудың астында керекті күйді таңдаңыз. 

*Суретте біз 9А сыныбына барлық пәндерді негізгі пән ретінде белгілеп жатырмыз.

Мақала сізге көмек болды ма?