KAZ
  • RUS
  • KAZ

Педагогтарға арналған «BilimLand цифрлық ұстазы» республикалық байқауы

Соңғы өзгерістер: 11.04.2024

«BilimLand цифрлық ұстазы» республикалық байқауы


BilimLand компаниясы оқу процессінде BilimLand цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланатын педагогтерді қолдау мақсатында «BilimLand цифрлық ұстазы» республикалық байқауын жариялайды.

1. Байқау мақсаты:

Bilimland платформасының педагогтеріне оқытуда цифрлық ресурстар мен технологияларды белсенді пайдалану арқылы өз тәжірибесін таратуға, сондай-ақ, инновациялық және әдістемелік идеяларын іске асыруға мүмкіндік беру.

2. Байқау мерзімі: 16.02.2024 – 24.05.2024

3. Байқау жұмыстары:

3.1 Байқау жұмыстары - қатысушы педагогтердің өздері әзірлеген және «Интерактивті сабақтар жинағына» жариялаған цифрлық сабақтары.

3.2 Жарияланған жұмыстарды OnlineMektep.org платформасының пайдаланушылары сабақтарды жүктеу және өз сабақтарына қосу арқылы бағалайды.

3.3 Ең көп жүктелген аралық немесе бас жүлдеге үміткер жұмыстардың байқау талаптарына сәйкестігін BilimLand тәуелсіз сараптама комиссиясы тексеретін болады.

4. Байқау қатысушылары:

4.1 Байқау www.onlinemektep.org платформасын өзінің педагогикалық тәжірибесінде пайдаланатын Қазақстан Республикасы мектептерінің ұстаздары үшін ашық.

4.2 Байқауға қатысу барлық қатысушылар үшін ТЕГІН.

5. Байқауға қатысу шарттары:

5.1 Өз пәніңіз/пәндеріңіз бойынша интерактивті сабақ құрастырушысы арқылы сабақ құрыңыз.

5.2 Құрылған сабақты «Интерактивті сабақтар жинағына» жариялаңыз.

5.3 Құсбелгі ( ✓ ) қою арқылы жариялау шарттарын қабылдаңыз.

5.4 Байқауға бір қатысушы бірнеше жұмыс жібере алады. Шектеу жоқ.

5.5 Аралық немесе бас жүлдені анықтау қорытындысына қатысушының ең көп жүктелген бір ғана жұмысы ескеріледі. Егер сіз бірнеше сабақ жарияласаңыз, онда ең көп жүктелген сабақтар топтамасына шығу мүмкіндігіңіз артады. Аралық қорытындыға сіздің ең көп жүктелген бір ғана жұмысыңыз қатысады.

5.6 Сіздің сабақтарыңыз байқау талаптарына сай болуы керек.

5.7 Байқауға жұмысыңызды ұсына отырып, сіз дербес деректерді өңдеуге келісім бересіз және ұйымдастырушының ресурстарында өз жұмысыңызды жариялауға және одан әрі пайдалануға келісесіз.

5.8 Құрылған сабақтар оқушылармен әрі қарай жұмыс істеу үшін өзіңіз оқытатын сыныптар кестесіне қосылуы керек.

6. Байқау талаптары

6.1. Байқау жұмысының мазмұны сабақтарды әзірлеуге қойылатын негізгі стандарттар мен талаптарға сәйкес келуі тиіс.

6.2. Жұмыс бірегей (жұмыстың теңтүпнұсқа болуын, плагиат болмауын қамтамасыз ету) болуы керек. Байқауға қатысушы осы талапты бұзған жағдайда ұйымдастырушы жауапкершілік алмайды.

6.3. Байқау жұмысы көрнекі, техникалық рәсімдеу талаптарына сай және пайдаланылған қосымша ресурстар сапалы болуы керек.

7. Жүлделер ұтысы

7.1 Жүлделер байқау барысында жұмыстары ең көп жүктелген қатысушылар арасында ойнатылады.

7.2 Байқаудың аралық қорытындылары берілген кестеге сәйкес әр 15 күн сайын ең көп жүктелген 20 жұмыстың арасында Bilimland тікелей эфирінде өткізілетін болады.

*Егер кесте бойынша кезекті аралық ұтыс күні ТОП 20-ның (әртүрлі қатысушыдан 20 жұмыс және әр жұмыс бойынша 20 жүктеу саны жиналмаса) талаптары орындалмаса, байқау ұйымдастырушысы аралық ұтыс ойындарын өткізбеу құқығына ие.

7.3 Аралық қорытынды жүлдесі – 1 BilimBook планшеті. Сондай-ақ, қосымша жүлде ретінде 2 қатысушыға ҚР ОАМ ұсынған біліктілікті арттыру курстарын тегін оқу мүмкіндігі беріледі.

7.4 Аралық жүлде ұтысына ағымдағы аралық байқау кестесіне сәйкес уақытта жарияланған жұмыстар ғана қатысады.

7.5 Қорытынды ұтыс 24.05.2024 күні BilimLand тікелей эфирінде өткізіледі.

7.6 Қорытынды ұтыс 16.02.2024 – 24.05.2024 аралығында жұмыстары жүктеулер саны бойынша ТОП-50 қатарына кірген қатысушылар арасында жүргізіледі.

7.7 Қорытынды ұтыс ойынының бас жүлдесі - 1 BilimBook ноутбугы. Қалған 49 топ-финалистке «BilimLand цифрлық мұғалімі» электрондық сертификаты және kitap.kz онлайн-кітапханасына қолжетімділік беріледі.

7.8 Аралық немесе бас жүлдеге үміткер қатысушылардың жұмыстарын Bilimland ұйымдастырушылары сабақтың ең төменгі стандарттарына сәйкестігі бойынша тексереді. Егер жұмыс осы стандарттарға сәйкес келмесе, ең көп жүктелген келесі жұмыс қарастырылады.

7.9 Аралық және қорытынды ұтыс ойындарының жұмыстары ұтыс өткізілетін күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де бекітіледі.

8. Аралық және қорытынды ұтыс өткізілетін тікелей эфир кестесі:

III тоқсан

  1. 01.03.2024

  2. 15.03.2024

IV тоқсан

  1. 01.04.2024

  2. 15.04.2024

  3. 30.04.2024

  4. 13.05.2024

Финал:

  1. 24.05.2024

9. Қосымша:

  • Аралық ұтыс ойындарының жеңімпаздары рандомайзер көмегімен анықталады.

  • Аралық байқауда планшет жеңіп алған қатысушы кейінгі аралық ұтыс ойындарына қатыспайды, бірақ Bilimland экожүйесінің қосымша жазылымдарына қолжетімділік алады.

  • Аралық байқауда планшет жеңіп алған қатысушы бас жүлде ойнатылатын байқаудың қорытынды бөлігіне қатыса алады.

  • Марапаттаудың барлық тікелей эфирі Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.

  • Барлық марапаттау BilimLand YouTube арнасында тікелей эфирде өтеді.

  • Тікелей эфирге сілтемелері бар марапаттау кестесі OnlineMektep.org платформасының басты баннерінде қолжетімді болады.

Интерактивті сабақты құру бойынша нұсқаулық: https://help.bilimland.kz/l_KAZ/knowledge_base/item/323085

Мақала сізге көмек болды ма?