Мұғалімдерге құпиясөзді қалай беруге болады?
Сол жақ мәзірдегі Басқару қойындысының үстін басыңыз.
Мұғалімдер бөліміне өтіңіз.
Excel-де жүктеу батырмасын басыңыз.
Жүктелген Excel файлында мұғалімдердің барлық логиндері мен парольдері көрсетіледі, оларды оңай басып шығаруға және таратуға болады.
Мұғалімнің құпиясөзін қалай қайтаруға болады?
Сол жақ мәзірдегі Басқару қойындысының үстін басыңыз.
Мұғалімдер бөліміне өтіңіз.
Мұғалімді іздеу деген іздеу жолына мұғалімнің аты-жөнін енгізіңіз.
Толығырақ бағанындағы көздің сұлбасы бар белгішені басыңыз.
Құпиясөзді өзгерту батырмасын басыңыз.
Шарттармен танысып, әрекетті растау үшін Иә нұсқасын таңдаңыз.
Автоматты түрде берілген жаңа құпия сөзді көру үшін көз белгішесін басыңыз.
Құпиясөзді көшіріп алып, мұғалімге жіберіңіз.