KAZ
  • RUS
  • KAZ

БЖБ/ТЖБ талдауы

Соңғы өзгерістер: 07.08.2024

БЖБ/ТЖБ талдауы - пән бойынша және сынып бойынша БЖБ/ТЖБ талдауын жүргізу мүмкіндігі бар бөлім.


БЖБ/ТЖБ талдау бөлімі қайда орналасқан?

1. Сол жақ мәзір  → Есептілік → БЖБ/ТЖБ талдауы


БЖБ/ТЖБ талдауын құрастыру


1. Кезең, сынып және пән бойынша сүзу жасаймыз

2. Бірінші кесте келесі ақпараттан тұрады:

  • Жиынтық бағалау түрі - БЖБ немесе ТЖБ. Таңдалған кезеңдегі пән бойынша барлық БЖБ/ТЖБ кестеге шығарылады. Кестеде орналасу реті өткізілген күніне сәйкес (Бұрынырақ өткізілгені кестеде бірінші тұрады).

  • Оқушылар саны - осы жиынтық бағалау түрін тапсырған оқушылар саны.

  • Максималды балл - жиынтық бағалаудың белгілі бір түрі үшін максималды балл.

  • Жиынтық бағалау ұпайларының пайыздық мазмұны - білім деңгейі бойынша оқушылар саны үш бағанға бөлінеді (Төмен, Орташа, Жоғары). Оқушының пайызы келесі жолмен есептеледі: Жиынтық бағалау үшін оқушының %  = Оқушының алған баллы / Жиынтық бағалау тапсырмасының максималды баллы * 100 %.

  • Сапа % - жиынтық бағалау үшін 65 %-дан кем алмаған оқушылар саны / жиынтық бағалаудан кез келген баға алған оқушылар саны * 100

  • Үлгерім % - жиынтық бағалау үшін 40%-дан кем алмаған оқушылар саныжиынтық бағалаудан кез келген баға алған оқушылар саны * 100


3. Келесі кестеде оқушыларды бағалары бойынша үш бағанға бөліп аты-жөндерін көрсетеді.


БЖБ/ТЖБ талдауын жүктеп алу

1. Сүзуге керекті барлық шарттарды көрсеткен соң, бұрыштағы Құжатты жүктеп алу батырмасын басамыз. Шарттар таңдалмағанша, батырма көрсетілмейді.

2. Сіздің компьютеріңізге Excel форматындағы БЖБ/ТЖБ талдауы жүктелді. Оны браузердің соңғы жүктемелерінің арасынан іздеңіз.

Мақала сізге көмек болды ма?