KAZ
  • RUS
  • KAZ

Мұғалімдердің апталық жүктемесі

Соңғы өзгерістер: 31.05.2024

Мұғалімдердің апталық жүктемесі - әкімшілер (директор не оның орынбасары) жүктемені дұрыс бөлу және мұғалімді ауыстыруды жоспарлау үшін өз мектебінің мұғалімдерінің бір апталық жүктемесін қарай алатын бөлім.


Апталық жүктемені қарау

1. Сол жақ мәзір → Мониторинг → Мұғалімдердің апталық жүктемесі

2. Бірінші беттегі кесте келесі ақпараттан тұрады:

  • Мектептегі барлық мұғалімдердің тізімі

  • Әр мұғалімнің бір аптадағы сабақтар саны (Қосымша білім беру сабақтары да саналады)

  • Параллельдер бойынша сабақтар саны

  • Әр мұғалімнің сабақ кестесіне өту батырмасы


Бұл кестеге тоқсан және апта бойынша сүзу жасауға болады. Оған қоса, мұғалімнің аты-жөні бойынша іздеу мүмкіндігі бар.

Ескерту! Директор мен Оқу жөніндегі орынбасар сабақ жүргізетін болса, олар да осы кестеде көрінеді.


Мұғалімнің сабақ кестесіне өту

1. Кестеден керекті кезең мен мұғалімді таңдаймыз. Сол мұғалімнің аты-жөнінің бойындағы Толығырақ бағанындағы көрсеткішті басамыз.

2. Сізде басында таңдаған кезең бойынша мұғалімнің апталық сабақ кестесі ашылады. Қажет болған жағдайда, сабақ кестесін тағы да кезең бойынша сүзуге болады.

3. Кесте келесі ақпараттан тұрады:

  • сабақтардың реті

  • сабақтардың өтетін күні және уақыты

  • сабақ карточкасы




Сабақ карточкасы

Мақала сізге көмек болды ма?