KAZ
  • RUS
  • KAZ

Үй тапсырмалары: Қарапайым және кеңейтілген

Соңғы өзгерістер: 04.06.2024

Енді BilimClass платформасында 2 түрлі үй тапсырмалары бар:

  • Қарайым

  • Кеңейтілген



Олардың айырмашылығы қандай?

Қарапайым үй тапсырмасы - 500 таңбадан тұратын мәтіндік тапсырма, файлдарды немесе сілтемелерді қосу функциясы жоқ. Бірден КТЖ-да толтырып, сақтай аласыз.

Кеңейтілген үй тапсырмасы - тапсырма 500-ден астам таңбадан тұрады. Файлдарды, фотосуреттерді, бейнелерді қосу және мәтінді өңдеу функциялары бар.



Қарапайым үй тапсырмасын қалай құрамыз?

1. Сол жақ мәзір → Мұғалімге → КТЖ


2. Сынып бойынша сүзу жасап, керекті сыныптың бойындағы Іс-әрекет бағанындағы көрсеткішті басыңыз

3. Әдепкілік бойынша үй тапсырмасының түрі қарапайым болып тұрады


4. Қалам белгісін басып, үй тапсырмасының мәтінін енгіземіз


5. Мәтінді енгізген соң, Сақтау батырмасын басамыз


Ескерту! Қарапайым үй тапсырмасы сабақтың күні мен уақыты келгенде оқушыларда автоматты түрде көрсетіледі.


Қарапайым үй тапсырмасының мәтінін өңдеу немесе оны жою үшін қажетті КТЖ-ға өтіп, өңдеу белгішесін басыңыз.

Үй тапсырмасына енгізілген өзгертулер оқушыларда да бірден көрінеді.


Кеңейтілген үй тапсырмасын қалай құрамыз?

1. Сол жақ мәзір → Мұғалімге → КТЖ

2. Сынып бойынша сүзу жасап, керекті сыныптың бойындағы Іс-әрекет бағанындағы көрсеткішті басыңыз

3. Әдепкілік бойынша үй тапсырмасының түрі қарапайым болып тұрады. Оны кеңейтілген түрге өзгерту керек.


4. Құру батырмасын басамыз

5. Тапсырманы орындаудың тақырыбын, соңғы мерзімін, тапсырманың мәтінін толтырамыз


6. Қосымша файлдар болса жүктейміз → Жіберу батырмасын басамыз



Үй тапсырмасы бөлімімен толығырақ танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз:

https://help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/320316?sid=67103


Мақала сізге көмек болды ма?