Сабақтар жинағы бөлімі - мұғалімдер құрып, платформадағы барлық мұғалімдер жұмыста қолдана алатындай етіп жүктелген дайын интерактивті сабақтардан тұрады.
Сабақтар жинағы қайда орналасқан?
1. Сол жақ мәзір → Мұғалімге → Сабақтар жинағы
2. Керекті сабақты табу үшін оқу тілі, пән, сынып және кезең бойынша сүзу жасау қажет. Болмаса, Тақырыпты енгізіңіз деген терезеде сабақтың атын жазсаңыз болады.
3. Сабақтың құрылымын көру үшін карточканың үстінен басыңыз.
Интерактивті сабақ карточкасы неден тұрады?
1 - Пәннің атауы, сыныбы, оқу тілі;
2 - Сабақ тақырыбы;
3 - Автордың аты-жөні, жұмыс орны.