KAZ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Оқушының бағаларын қарау (ата-анаға және оқушыға)

Соңғы өзгерістер: 20.03.2026

1. Сол жақ мәзір → BilimClass → Бағалар

2. Керекті кезеңді таңдаңыз (бағаларын көргіңіз келетін кезең)


3. Сізде таңдалған кезеңдегі барлық бағалар ашылды

*оқушыға екі пән бойынша бағалар қойылғандықтан, суретте екі ғана сабақтың бағалары көрініп тұр

Үлгерімді есептеу туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы көре аласыз.

4. Жылдық бағаларды көру үшін Жылдық бағалар бөліміне өтіңіз.

«Бағалар» бөлімінің адаптивті нұсқасы

Мобильді құрылғыларда «Бағалар» бөлімі келесі қойындылар арқылы көрсетіледі:

I • II • III • IV • Қорытынды

Тоқсан бойынша бағаларды көрсету

Әр қойындыда пәндер бойынша келесі ақпарат көрсетіледі:

  • пән атауы;
  • бағалау болжамы;
  • қорытынды баға;
  • бағалар (ФБ, БЖБ, ТЖБ) және қатысу.

Бағалар карточка түрінде көрсетіледі.

Пән бойынша барлық бағаларды көру үшін
«Барлық бағаларды көрсету» немесе «Бағаларды жасыру» батырмаларын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ бағалау болжамы мен ұсыныстары бар блок көрсетілуі мүмкін.

«Қорытынды» қойындысы

«Қорытынды» қойындысында әр пән бойынша келесі мәліметтер көрсетіледі:

  • I, II, III, IV тоқсандардың бағалары;
  • жылдық баға;
  • қорытынды баға.


Мақала сізге көмек болды ма?