Жүйеде Тақырыптық жоспарды КТЖ-ға жіберудің екі жолы бар: бірі жеке КТЖ-ның ішіне кіру арқылы, екіншісі "Тақырыптық жоспарлау" батырмасы арқылы.
Тақырыптық жоспарларды КТЖ-ға жіберудің бірінші жолы
1. Сол жақ мәзір → Мұғалімге → КТЖ

2. Параллель және пән бойынша сүзу жасаймыз

3. Керекті сыныптың бойындағы Іс-әрекет бағанында көрсеткішті басамыз

4. Ашылған бетте Тақырыптық жоспарлаудан тақырыптарды жүктеу батырмасын басамыз

5. ТЖ-ға оқу жылы, кезең, параллель және пән бойынша сүзу жасаймыз. Кейін, керекті ТЖ бойындағы Іс-әрекет бағанындағы + белгісін басамыз.

6. Импорт жасайтын кезеңді таңдаймыз. Импорттағыңыз келмейтін тақырыптар болса, солардың бойындағы Импорттау бағанынан құсбелгіні алып тастаңыздар.
*тақырыптар ТЖ-да көрсеткен сағат санына сәйкес 2-3 рет қайталануы мүмкін.
Ескерту! Импорттау кезінде КТЖ-дағы ағымдағы тақырып жаңасымен ауыстырылады

7. Барлық өзгертулерді енгізген соң, КТЖ-ға жіберу батырмасын басамыз.
8. Сіздің Тақырыптық жоспарыңыз КТЖ-ға сәтті қосылды!
Тақырыптар саны сабаққа тығыздау жасаған кезде, яғни бір сабақта бірнеше тақырып өткізілетін кезде қолданылатынын есте сақтаңыз.

Тақырыптық жоспарларды КТЖ-ға жіберудің екінші жолы
КТЖ-ның ішіндегі Тақырыптық жоспарлау бөліміне өтіңіз.
Тізімнен қажет тақырыптық жоспарды тауып, соның тұсындағы Іс-әрекет бағанындағы көрсеткішке басыңыз.

Ашылған оң жақ панельде КТЖ-ға жіберу батырмасын басыңыз.

КТЖ-сына жібергіңіз келетін параллель мен сыныпты таңдаңыз.
Пәнді көрсетіңіз, Келесі батырмасын басыңыз.

Керек болған жағдайда деректерді түзетіп алыңыз. Импорттау бағанының бойында керек емес тақырыптардың жанынан құсбелгіні алып тастасаңыз болады.
КТЖ-ға жіберу батырмасын басыңыз.

Сіз таңдаған сыныптың КТЖ-сына осы тақырыптық жоспарлар сәтті көшірілді!
Тақырыптық жоспарды құру, өңдеу, жою туралы нұсқаулық: https://help.bilimland.kz/l_kaz/knowledge_base/item/320390