Менің БЖБ/ТЖБ жинағым бөлімі қайда орналасқан?
Сол жақ мәзір → BilimClass → Менің БЖБ/ТЖБ жинағым
БЖБ/ТЖБ-ны қалай құрады?
1) Ашылған бетте Сабақты қосу батырмасын басамыз
2) Терезеде сізге келесі ақпаратты толтыру керек болады:
Оқу дисциплинасын таңдаңыз - Пәндер/Факультативтер
Пән - сіз БЖБ/ТЖБ құрғыңыз келетін пән
Сыныпты таңдаңыз
Оқу тілін таңдаңыз
Сабақтың түрін таңдаңыз - БЖБ немесе ТЖБ. Осының біреуін таңдаған соң, сізде Сабақты қосу терезесі ашылады.
Сабақты қосу
БЖБ/ТЖБ-ны құрып бастайық
1) Бөлім тақырыбы мен мақсатын толтырамыз
2) Енді тапсырманың өзіне өтейік. Тапсырма қосу батырмасын басамыз
3) Ашылған бетте жаттығу түрін таңдап, Құру батырмасын басамыз
4) №1 тапсырма құрылды. ТАПСЫРМА МӘТІНІН ЕНГІЗІҢІЗ терезесінде сұрақтың немесе тапсырманың мәтінін енгізіңіз
5) Егер тапсырмаға қандай-да файл немесе документ қосу керек болса, Файл қосу батырмасын басыңыз
6) Бірнеше жауапты тапсырма болса, нұсқалардың бәрін енгізіп, дұрысын белгілеңіз.
Біз ашық жауапты сұрақты таңдадық, сондықтан бірден дұрыс жауапты енгіземіз
7) Бағалау критериін, дескрипторды және ең жоғары баллды енгіземіз
Ескерту! Жоғары бұрышында жұлдызша * белгішесі бар пункттерді міндетті түрде толтыру керек.
8) Барлығын толтырып болған соң, Сақтау және Жабу батырмасын басамыз
9) Сіздің БЖБ-ңыз сәтті қосылды!
10) Құрылған БЖБ/ТЖБ-ны Іс-әрекеттер бағанындағы белгішелер арқылы түзете немесе жоя аласыз.