KAZ
  • RUS
  • KAZ

Мұғалімді ауыстыру (алмастыру)

Соңғы өзгерістер: 31.05.2024

BilimClass платформасында бір мұғалімді басқа мұғаліммен қалай алмастырамыз?

1) Сол жақ мәзір  → Мектепті басқару → Мұғалімдер мен қызметкерлер

2) Сізде мектептің барлық мұғалімдердің тізімі бар бет ашылады. Солардың арасынан ауыстыру жасағыңыз келетін мұғалімді таңдап, сол мұғалімнің аты жазылған жолдағы Толығырақ бағанындағы көрсеткішті басыңыз.

3) Сізде қызметкердің сауалнамасы ашылды.  Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Мұғалімді ауыстыру батырмасын басыңыз.

4) Келесі тармақтарды толтырамыз:

  • Кезеңнің басталау күні - қай күннен бастап бір мұғалім екінші мұғалімді алмастырады

  • Кезеңнің аяқталу күні - қай күнге дейін бір мұғалім екінші мұғалімді алмастырады

  • Ауыстырушы мұғалім - алмастыратын мұғалім


Барлығын толтырған соң, Келесі батырмасын басамыз

5) Алмастыру жасалатын сабақтарды таңдаймыз. Керек сабақтың жанына құсбелгі қоямыз. Барлығын таңдау жазуының үстінен басу арқылы барлық сабақты таңдай аласыз. Сақтау батырмасын басамыз.

6) Құттықтаймыз! Сіз мұғалімнің алмастыру процессін сәтті аяқтадыңыз! Сізде жоғарғы оң жақ бұрышта қандай сабақтарда алмастыру жасалғанын көрсететін растау хабарламасы шығу керек.

Мақала сізге көмек болды ма?