KAZ
  • RUS
  • KAZ

BilimClass басты беті

Соңғы өзгерістер: 03.06.2024

Bilimclass платформасында авторизациядан кейін алғашқы көретіңіз ол басты бет.

Басты беттің неден тұратынын және оны қалай пайдалану керектігін талдап көрейік.


1. Сабақ кестесі - сабақтар бойынша негізгі ақпаратты (пән, сынып, уақыт, кабинет, тақырып) көрсететін өзекті кестеңіз.

Кестеден сіз сабақтың өзіне немесе үй тапсырмасына ауыса аласыз.

Сабаққа өту арқылы сіз журналға, интерактивті материалға және сабақтың бейнеконференциясына қол жеткізе аласыз.

Үй тапсырмасына өту арқылы сіз тапсырманың өзін көре аласыз және орындалған тапсырмаларды тексере аласыз.


2. Платформаның жоғарғы бөлігі - тілді жылдам ауыстыруға, көмек алуға, хабарландыруларды көруге және профиліңізге кіруге мүмкіндік беретін BilimСlass платформасының жоғарғы бөлігі. Платформаның қай бөлігіне өтпесеңіз де, оның жоғарғы бөлігі өзгермейді. 

3. Сол жақ мәзір - бөлімдерден тұратын ашылмалы мәзір. Платформаның барлық негізгі ақпараты мен функционалдығы осы мәзірде орналасқан және оңай табу үшін бөлімдерге бөлінген.


Бөлімдер: 

  • BilimClass - журнал, кесте, пәндер тізімі, күнделік, оқушымен байланыс сияқты ата-ананың, оқушының және мұғалімнің қолдануына арналған бөлімшелерден тұрады.

  • Мұғалімге - КТЖ, профиль, нормативтік құжаттар, ТЖБ/БЖБ жинағы, сабақтар жинағы, байқаулар сияқты бөлімшелерден тұрады. Бұл бөлім мұғалімдердің қолдануына арналған.

  • Мектепті басқару - оқушылар мен сыныптар, алфавиттік кітап, мұғалімдер мен қызметкерлер, оқу бағдарламалары, сабақ кестесі, қосымша білім беру, мектеп баптаулары сияқты бөлімдерден тұрады. Бұл бөлім әкімшілердің жұмысына арналған және тек оларда ашылады.

  • Мониторинг - сабақтарды өткізу, пәндердің қорытылуы сияқты бөлімшелерден тұрады. Мұғалімдер мен әкімшілердің қолдануына арналған. 

  • Есептілік - мектеп бойынша білім сапасы, сынып бойынша үлгерім, пән бойынша үлгерім, бұйрықтарды тіркеу кітабы сияқты бөлімшелерден тұрады. Бөлім мұғалімдер мен әкімшілердің қолдануына арналған.

  • Жаңалықтар - білім беру саласының қызметкерлері үшін өзекті жаңалықтар бөлімі.

  • Көмек -  көмек алуға, тілектеріңізді қалдыруға немесе қате туралы хабарлауға болатын және байланыс деректері жазылған бөлім.

  • Біздің өнімдер - Bilim Media Group компаниясының басқа өнімдеріне сілтеме.



Сол жақ мәзірдің төменгі бөлігінде біздің әлеуметтік желілерге сілтемелер орналасқан.

Мақала сізге көмек болды ма?