Егер сіз оқушыға жабық журналда жиынтық баға қойғыңыз келсе (оқушының жиынтық бағасы жоқ), бұл мақала сізге пайдалы болады.
1-қадам. Қажетті журналды іздеу (қажетті журналды 2 тәсілмен табуға болады)
1-тәсіл
1) Сол жақ мәзірден Bilimclass бөлімін ⇒ оның ішінде Журнал бөлімін таңдаңыз;

2) Қажетті параллельді таңдаңыз;

3) Қажетті сынып жазылған жолды іздеп, Толығырақ бағанындағы көрсеткіні басыңыз;

4) Сізде осы сынып өтетін пәндердің тізімі шығады. Қажетті пәннің жолындаға Толығырақ көрсеткісін басыңыз;

5) Қажетті оқу кезеңін таңдаңыз;

6) Құттықтаймыз! Сіз таңдаған кезеңде сізге қажет сыныптың журналын аштыңыз.
2-тәсіл
1) Сол жақтағы ашылмалы мәзірде Мониторинг ⇒ Пәндердің қорытылуы бөлімдеріне кіріңіз;

2) Оқу жылы, оқу кезеңі бойынша сүзгілеу жасап, қажетті кезеңді таңдаңыз;

3) Қажетті параллельді таңдап, Әрекеттер бағанындағы көрсеткіні басыңыз;

4) Қажетті сыныпты таңдап, Әрекеттер бағанындағы көрсеткіні басыңыз;

5) Қажетті пәнді таңдап, Әрекеттер бағанындағы көрсеткіні басыңыз;

6) Қажетті оқу кезеңін және топты таңдаңыз (бар болса);

7) Құттықтаймыз! Сіз таңдаған кезең мен пән бойынша, сізге қажет сыныптың журналын аштыңыз.
2-қадам. Жиынтық бағаны жабық журналға қоямыз
1) Қажетті оқушыны табыңыз және оның жиынтық баға бағанында "Бағалау" белгішесін басыңыз;

2) Ашылған терезеде тізімнен керекті бағаны таңдап, үстінен басыңыз. Содан кейін Жіберу түймесін басыңыз;
Ескерту! Жабық журналдағы қорытынды бағаны тек 1 рет қоюға болады

3) Оқушының деректерін тексеріңіз, егер бәрі дұрыс болса, Сақтау түймесін басыңыз;

4) Егер бағаны түзету қажет болса, Артқа батырмасын басыңыз және бағаны түзетіңіз;

5) Құттықтаймыз! Сіз жабық журналда жиынтық бағаны сәтті қойдыңыз.