KAZ
  • RUS
  • KAZ

Жабық журналда БЖБ/ТЖБ бағаларын қою

Соңғы өзгерістер: 08.12.2023

Егер де сіз, журналды жауып, бірақ оқушыға БЖБ/ТЖБ бағаларын қойып үлгермесеңіз, бұл мақала сізге арналады.

1-қадам. Қажетті журналды іздеу (қажетті журналды 2 тәсілмен табуға болады)

1-тәсіл

1) Сол жақтағы ашылмалы мәзірде Bilimclass бөлімін басыңыз ⇒ Журнал бөлімін таңдаңыз;

2) Қажетті параллельді таңдаңыз;


3) Қажетті сынып жазылған жолды іздеп, Толығырақ бағанындағы көрсеткіні басыңыз;


4) Сізде осы сынып өтетін пәндердің тізімі шығады. Қажетті пәннің жолындаға Толығырақ көрсеткісін басыңыз; 


5) Қажетті оқу кезеңін таңдаңыз;


6) Құттықтаймыз! Сіз таңдаған кезеңде сізге қажет сыныптың журналын аштыңыз.

2-тәсіл

1) Сол жақтағы ашылмалы мәзірде Мониторинг ⇒ Пәндердің қорытылуы бөлімдеріне кіріңіз;

2) Оқу жылы, оқу кезеңі бойынша сүзгілеу жасап, қажетті кезеңді таңдаңыз;


3) Қажетті параллельді таңдап, Әрекеттер бағанындағы көрсеткіні басыңыз;


4) Қажетті сыныпты таңдап, Әрекеттер бағанындағы көрсеткіні басыңыз;


5) Қажетті пәнді таңдап, Әрекеттер бағанындағы көрсеткіні басыңыз;


6) Қажетті оқу кезеңін және топты таңдаңыз (бар болса);

7) Құттықтаймыз! Сіз таңдаған кезең мен пән бойынша, сізге қажет сыныптың журналын аштыңыз.


2-қадам. Бағаларды жабық журналға қоямыз

1) Қажетті оқушыны табыңыз және оның БЖБ/ТЖБ бағанынан келесі белгішені басыңыз;


2) Ашылған терезеде баға қойып ⇒ Жіберу ⇒ Сақтау;



Ескерту! Жабық журналда БЖБ/ТЖБ бағасын тек 1 рет қоюға болады.

Ескерту! БЖБ/ТЖБ бағаларын қойғаннан кейін, соңғы бағандағы оқушының қорытынды бағасын өзгерту қажет болса, мұны келесі өңдеу белгішесін басу арқылы жасауға болады.





Жабық журналда БЖБ/ТЖБ бағаларын қалай қоюға болатындығы туралы бейнебаянды қараңыз



Мақала сізге көмек болды ма?